Курстан кейінгі сүйемелдеу: Оқу-әдістемелік жұмыс департаменті педагогтерге алған білімдерін тәжірибеде қолдануға қалай көмектеседі

Курстан кейінгі сүйемелдеу – «Өрлеу» БАҰО» АҚ Оқу-әдістемелік жұмыс департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Бұл – педагогтердің курстарда алған білімдерін тәжірибеде қолдануына мүмкіндік беретін біліктілікті арттыру курстарының жүйелі жалғасы. Жұмыс үздіксіздік, тәжірибелік бағыт және жекелей қолдау қағидаттарына негізделген.
Курстар аяқталғаннан кейін педагог BELES платформасында курстан кейінгі сүйемелдеудің жеке жоспарын қалыптастырады. Ол сабақтарды жоспарлау мен өткізуді, әдістемелік іс-шараларды ұйымдастыруды, тәжірибе таратуды және ЖИ құралдарын пайдалана отырып, сабақ жоспарына дербестендірілген кері байланыс алуды қамтиды.
Педагогтер үшін тәжірибе алмасуға және кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталған семинарлар, практикумдар мен шеберлік сыныптары өткізіледі. Сонымен қатар мамандар сабақ жоспарларын талдап, кері байланыс жинайды және педагогтердің тәжірибесін бақылай отырып, әдістемелік қолдаудың мазмұны мен нысандарын жетілдіреді.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 208 іс-шара өткізілді, курстан кейінгі сүйемелдеумен 16 000-нан астам педагог қамтылды, ал 30 824 сабақ жоспары ЖИ арқылы кері байланыс алды.
Бүгінде сабақты жоспарлаудан бастап дербестендірілген кері байланыс алуға дейінгі кезеңді қамтитын курстан кейінгі сүйемелдеудің тұтас жүйесі қалыптастырылды. Ол жеке сүйемелдеу жоспарын, ЖИ құралдарын пайдалануды, семинарлар мен шеберлік сыныптарын өткізуді, сондай-ақ үздіксіз мониторинг пен қолдауды жетілдіруді қамтиды.
Қазіргі уақытта әрбір білім беру бағдарламасы бойынша кері байланысты бағалаудың бірыңғай критерийлері әзірленуде. Бұл сүйемелдеудің сапасы мен жеделдігін арттыруға, бағалауды стандарттауға және әрбір педагогке жеке қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Курстан кейінгі сүйемелдеу – педагогтің оқудан сенімді тәжірибеге дейінгі кәсіби жолындағы жүйелі қолдау. Біздің мақсатымыз – әрбір педагогке кәсіби дамуының барлық кезеңінде сапалы қолдау көрсету.
Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
8 қазан күні жоспарға сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалы директорының орынбасары К. Байкатованың жетекшілігімен институт базасында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан тыңдаушыларға педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті. Кездесуге тарих, информатика, география және бастауыш сынып мұғалімдері, орта білім беру ұйымдарының педагогтері, әдіскерлер мен басшы орынбасарлары қатысты. Барлығы 100-ден астам…

«ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫ: ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЖАУАПТЫ МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ
Педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Атырау қаласы мен облыс аудандарындағы мектептер мен балабақшалардың жаңадан тағайындалған жауапты мамандарына арналған онлайн-семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында пилоттық жоба бойынша педагогтерді аттестаттаудың негізгі талаптары мен кезеңдері, «Ұстаз» платформасында жұмыс істеу тәртібі, портфолионы қалыптастыру және қажетті мәліметтерді енгізу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмысын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық…

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру және консультациялық-әдістемелік қолдау жұмыстары жалғасуда. Институтта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған түсіндірме кездесу өтті. Кездесу барысында ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы №159-НҚ бұйрығымен бекітілген талаптар және пилоттық жоба аясындағы аттестаттаудың жаңа тәртібі түсіндірілді. Атап айтқанда, педагогтердің кәсіби…