LESSON STUDY: САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ ЖОЛЫНДАҒЫ БІРЛЕСКЕН ЗЕРТТЕУ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар облысы бойынша кәсіби даму институты филиалы мен «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында Lesson Study жобасы жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
18 қарашада жоба шеңберінде Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы фокус-топтармен бірлесіп, сабақтарды бақылау кезеңіне кірісті.
Сабақты бақылаудың басты мақсаты – оқушылардың оқу үдерісіндегі әрекеттерін зерделеу, білім алудағы ерекшеліктерін анықтау және оқыту тәжірибесін жетілдіруге бағытталған тиімді шешімдерді бірлесе іздеу.
Lesson Study – бұл жай ғана сабақты бақылау емес, педагогтердің кәсіби ынтымақтастығын нығайтуға, зерттеушілік мәдениетін дамытуға және оқыту сапасын арттыруға мүмкіндік беретін тәжірибеге бағытталған жұмыс.
Басқа жаңалықтар

Цифрлық тарих: оқытудың жаңа форматы
Қазіргі білім беру кеңістігінде мұғалімнің рөлі тек білім берумен шектелмейді. Бүгінде педагог – цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеуші, инновациялық технологияларды оқу үдерісіне енгізуші және оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырушы тұлға.

«СҮЙІКТІ ІС – ШАБЫТ КӨЗІ: ӘРІПТЕСТЕРДІ БІРІКТІРГЕН КЕЗДЕСУ»
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар облысы бойынша кәсіби даму институты филиалында «Оқитын ұлт» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы шеңберінде Кен Могидің «Икигай. Өмір сүрудің жапондық мәні» кітабының соңғы тарауларына арналған үшінші кітап сессиясы өтті.

ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Бүгінгі білім беру кеңістігінде цифрлық технологиялар тек оқыту құралын ғана емес, білім алушылардың ойлауын, зерттеушілік қабілетін және пәнге деген қызығушылығын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастырып отыр. Әсіресе жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда заманауи технологияларды тиімді пайдалану ерекше маңызға ие.