МАҚАТ ЖӘНЕ МАХАМБЕТ АУДАНДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІН «ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫНДА СҮЙЕМЕЛДЕУ

Пилоттық жоба аясында Атырау облысының педагогтерін «Ұстаз» платформасында аттестаттаудан өту барысында сүйемелдеу жұмыстары жалғасуда.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында өткен кезекті вебинар Мақат және Махамбет аудандарының орта білім беру ұйымдарының педагогтері үшін өткізілді.
Вебинар барысында орта білім беру педагогі, педагог-психолог және педагог-ассистент портфолиосын қалыптастыру, сондай-ақ «Ұстаз» платформасында қажетті материалдарды орналастыру тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Басқа жаңалықтар

«Жаһандық өзгерістер жағдайындағы педагогикалық тәжірибенің трансформациясы» халықаралық конференциясы
2026 жылғы 25 қарашада «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Zoom платформасында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті. Шараға 5 елден — Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан және Ресейден (соның ішінде Алтай Республикасы мен Саха (Якутия) Республикасы) 70-тен астам педагог, зерттеуші мен спикер қатысты.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
26 қараша күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының ұйымдастыруымен «Зерттеу нәтижелерінен тәжірибеге: бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар құрастыру» тақырыбында онлайн-практикум өтті. Кәсіби іс-шараға Орал қаласы мен облыс аудандарынан 50 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Практикумға кафедраның аға оқытушысы Ж.Т. Узахова жетекшілік етті.
