🏅 Марапат құтты болсын!

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалының аға оқытушысы Қабдылова Гүлжанат Тоқтарбекқызы білім беру саласындағы кәсіби еңбегі, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға қосқан елеулі үлесі және ұстаздардың үздіксіз кәсіби дамуына бағытталған жүйелі жұмысы үшін «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл марапат – Гүлжанат Тоқтарбекқызының білім беру саласындағы көп жылғы еңбегіне, жоғары кәсіби біліміне, жауапкершілігі мен ізденімпаздығына берілген лайықты баға. Ұстаздық жолды абыроймен атқарып, педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге бағытталған оқу-әдістемелік жұмыстарға белсенді атсалысып келе жатқан білікті маманның еңбегі әріптестері мен білім саласы мамандары үшін үлкен өнеге.
Ұстаз – тек білім беруші ғана емес, кәсіби дамуға жол көрсетіп, әріптестерінің жаңа ізденістерге ұмтылуына ықпал ететін тұлға. Осы тұрғыдан алғанда, Гүлжанат Тоқтарбекқызының педагогтердің біліктілігін арттыруға, заманауи білім беру талаптарына сай кәсіби құзыреттерін дамытуға қосып жүрген үлесі ерекше.
«Білім беру саласының үздігі» төсбелгісі – табанды еңбектің, кәсіби біліктіліктің және білім беру ісіне деген адалдықтың айқын көрінісі.
🌷 Құрметті Гүлжанат Тоқтарбекқызы!
Сізді мерейлі марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңіз әрдайым еленіп, абырой-беделіңіз асқақтай берсін. Білім саласының дамуына қосып жүрген үлесіңіз еселеніп, шығармашылық ізденісіңіз бен кәсіби жолыңыз жаңа белестерге ұлассын!
Сізге мықты денсаулық, отбасылық амандық, шығармашылық шабыт және толағай табыс тілейміз!
Әрбір еңбегіңіздің жемісі шәкірттер мен әріптестеріңіздің жетістіктерінен көрініс тауып, биік белестерден көріне беріңіз!
Марапатыңыз құтты болсын! Жеңісті күндеріңіз көп болсын! 🏅🌷

Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
8 қазан күні жоспарға сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалы директорының орынбасары К. Байкатованың жетекшілігімен институт базасында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан тыңдаушыларға педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті. Кездесуге тарих, информатика, география және бастауыш сынып мұғалімдері, орта білім беру ұйымдарының педагогтері, әдіскерлер мен басшы орынбасарлары қатысты. Барлығы 100-ден астам…

«ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫ: ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЖАУАПТЫ МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ
Педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Атырау қаласы мен облыс аудандарындағы мектептер мен балабақшалардың жаңадан тағайындалған жауапты мамандарына арналған онлайн-семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында пилоттық жоба бойынша педагогтерді аттестаттаудың негізгі талаптары мен кезеңдері, «Ұстаз» платформасында жұмыс істеу тәртібі, портфолионы қалыптастыру және қажетті мәліметтерді енгізу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмысын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық…

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру және консультациялық-әдістемелік қолдау жұмыстары жалғасуда. Институтта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған түсіндірме кездесу өтті. Кездесу барысында ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы №159-НҚ бұйрығымен бекітілген талаптар және пилоттық жоба аясындағы аттестаттаудың жаңа тәртібі түсіндірілді. Атап айтқанда, педагогтердің кәсіби…