PISA және TIMSS талаптарына сай математикалық сауаттылықты қалыптастыру жолдары

Бүгін
қаламыздағы №51 гимназияда филиалдың аға оқытушысы Куляйм Рахатованың
жетекшілігімен «PISA және TIMSS талаптарына сай математикалық сауаттылықты
қалыптастыру жолдары» тақырыбындағы облыстық шебер-сыныптың №3 отырысы онлайн
және офлайн форматта өтті.
«Сыни ойлауды дамытатын математикалық ойындар мен жаттығулар. Логикалық
тапсырмалардың рөлі» тақырыбы аясында педагогтер озық іс-тәжірибелерімен
бөлісіп, оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыруға бағытталған тиімді
әдіс-тәсілдерді талқылады.
Отырыс барысында математикалық ойындар мен логикалық тапсырмаларды сабақта
қолдану, оқу материалын оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне қарай
саралау, күнделікті өмірмен байланысты практикалық есептерді пайдалану
мәселелеріне назар аударылды. Сонымен қатар, оқушылардың өз шешімдерін
негіздеп, дәлелді пікір айтуына мүмкіндік жасау және PISA мен TIMSS бағытындағы
тапсырмаларды сабақта жүйелі қолдану қажеттілігі атап өтілді.
Математикалық сауаттылық — дайын ережені білумен ғана өлшенбейді. Ол білімді
өмірлік жағдаяттарда қолдана білу, логикалық байланыстарды анықтау және өз
ойының дұрыстығын дәлелдеу арқылы қалыптасады.
Басқа жаңалықтар

ТӘЖІРИБЕГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ОҚЫТУ: ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫНДАҒЫ ТРЕНЕРДІҢ РӨЛІ
3 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалында кәсіби даму апталығы аясында аға оқытушыларға арналған төрт күндік оқыту басталды. Алғашқы күн «Мұғалімдердің кәсіби даярлығындағы тренердің рөлі: тәжірибеге негізделген оқыту» тақырыбына арналды.

ТИІМДІ САБАҚ ТАЛДАУЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБИ ДАМУ
2026 жылғы 16 қыркүйекте «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтында курстан кейінгі қолдау жоспарына сәйкес, Жуалы ауданының педагогтеріне арналған «Сабақты көру – түсіну – жақсарту: тиімді талдау алгоритмдері» тақырыбында тренерлік сағат өткізілді.

«Адал азамат » біртұтас тәрбие құндылықтары басқарушылық қызметте» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын бастады.
«Адал азамат” біртұтас тәрбие құндылықтары басқарушылық қызметте» біліктілікті арттыру курсы басталды. Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде білім беру ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарларына арналған «Адал азамат” біртұтас тәрбие құндылықтары басқарушылық қызметте» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын бастады.