МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ВЕБИНАР

Пилоттық жоба аясында Атырау облысының педагогтерін «Ұстаз» платформасында аттестаттаудан өту барысында сүйемелдеу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Кезекті офлайн вебинар Мақат, Махамбет, Индер және Исатай аудандарының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін ұйымдастырылды.
Кездесу барысында мектепке дейінгі ұйым педагогінің және педагог-психологтің портфолиосын қалыптастыруға қатысты негізгі талаптар түсіндірілді. Педагогтерге «Ұстаз» платформасына қажетті материалдарды орналастыру, портфолионы рәсімдеу және аттестаттау үдерісінде ескерілетін маңызды мәселелер бойынша ақпарат берілді.
Вебинар барысында педагогтер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті түсіндірмелер алды.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысын «Ұстаз» платформасының аудандар бойынша кураторы – жауапты маманы Атолла Құралай Қайратқызы жүргізді.
Басқа жаңалықтар


«Бір курс – бір кітап»: «Алғашқы ұстаз» повесі аясындағы жағдаяттық талдау
Іс-шара барысында курс тыңдаушылары 5 топқа бөлініп, «Кейс» әдісі арқылы жағдаяттық талдау жүргізді. Шығармадағы оқиғалар мен кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдай отырып, педагогикалық тұрғыдан маңызды мәселелерді талқылап, нақты шешімдер ұсынды.

ӨРЛЕУ-TRAINER: КӘСІБИ ДАМУ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
Филиалда тренерлерге арналған «Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы басталды. Тренерлердің шығармашылық әлеуетін ашу, озық педагогикалық идеялар мен авторлық бағдарламаларды анықтау бағытындағы оқыту семинарларының қорытындысы бойынша үздік авторлық әдістемелер жинағы шығарылып, жұмыс тәжірибесіне енгізіледі.