МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНЕ АТТЕСТАТТАУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Пилоттық жоба аясында Атырау облысының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерін «Ұстаз» платформасында аттестаттаудан өту барысында әдістемелік сүйемелдеу жұмыстары жалғасуда.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында Жылыой, Қызылқоға және Құрманғазы аудандарының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған кезекті ақпараттық-түсіндіру вебинары өтті.
Вебинар барысында мектепке дейінгі ұйым педагогі мен педагог-психолог портфолиосына қойылатын талаптар, портфолионы қалыптастыру ерекшеліктері және «Ұстаз» платформасында аттестаттаудан өту тәртібі түсіндірілді.
Кездесуді Тулесинова Сымбат Багитовна жүргізіп, педагогтердің сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар пилоттық жоба аясындағы аттестаттау кезеңдері мен әдістемелік сүйемелдеу бағыттарына қатысты қажетті ақпараттар ұсынылды.
Басқа жаңалықтар



ӨРЛЕУ-TRAINER: КӘСІБИ ДАМУ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
Филиалда тренерлерге арналған «Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы басталды. Тренерлердің шығармашылық әлеуетін ашу, озық педагогикалық идеялар мен авторлық бағдарламаларды анықтау бағытындағы оқыту семинарларының қорытындысы бойынша үздік авторлық әдістемелер жинағы шығарылып, жұмыс тәжірибесіне енгізіледі.