Өрлеу

«МЕНІҢ КӘСІБИ ТАБЫСЫМ»: І ОРЫН ИЕГЕРІМЕН ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР!

 «МЕНІҢ КӘСІБИ ТАБЫСЫМ»: І ОРЫН ИЕГЕРІМЕН ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР!

«МЕНІҢ КӘСІБИ ТАБЫСЫМ»: І ОРЫН ИЕГЕРІМЕН ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР!

«Менің кәсіби табысым» облыстық байқауының үздік педагогикалық тәжірибелерімен таныстыруды жалғастырамыз.

 І орын – Көкөвіна Юлия Александровна, Қарағанды облысының білім басқармасына қарасты № 8 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің мұғалім-дефектологы, логопеді.

 «Лого-жылан» – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен логопедиялық сабақтар өткізуге арналған авторлық көпфункционалды ойыншық.

Әзірлеме түзете-дамыту жұмысының бірнеше бағытын қамтиды:

* артикуляциялық және сөйлеу дағдыларын дамыту;

* фонематикалық естуді қалыптастыру;

* сенсорлық қабылдауды жетілдіру;

* ұсақ және ірі моториканы дамыту.

 

Ойыншықтың ерекше құрылымы педагогке оны ойын серіктесі ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Осылайша түзету жаттығулары балалар үшін қызықты әрі тартымды ойын үдерісіне айналады.

 Юлия Александровнаны лайықты жеңісімен құттықтаймыз!

Мұндай педагогикалық жаңашылдықтар шығармашылық пен тың тәсілдердің оқу үдерісін қызықты, қолжетімді әрі нәтижелі етуге ықпал ететінін көрсетеді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«МЕНІҢ КӘСІБИ ТАБЫСЫМ»: І ОРЫН ИЕГЕРІМЕН ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР! — Өрлеу