Өрлеу

«Мәтіннен мағынаға, мағынадан әрекетке»: педагогтерге арналған семинар

«Мәтіннен мағынаға, мағынадан әрекетке»: педагогтерге арналған семинар

«Мәтіннен мағынаға, мағынадан әрекетке»: педагогтерге арналған семинар

№222 «Келешек мектеп» базасында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған «Мәтіннен мағынаға, мағынадан әрекетке» тақырыбында семинар өтті.

Семинардың мақсаты – мұғалімдердің мәтінмен тиімді жұмыс жүргізу дағдыларын жетілдіру, мәтін мазмұнын терең түсіну және негізгі ойды өмірлік жағдаяттармен байланыстыру арқылы оқушылардың алған білімін нақты әрекетте қолдануына ықпал ететін тиімді әдіс-тәсілдерді таныстыру.

Іс-шара барысында педагогтер мәтінмен жұмыс жасаудың тиімді жолдарымен танысып, мәтіндегі ақпаратты талдау, негізгі ойды анықтау, оны өмірлік жағдаяттармен байланыстыру және білімді практикалық әрекетке бағыттау тәсілдерін қарастырды.

Семинар теориялық ақпаратпен қатар практикалық тапсырмалармен ұштасып, педагогтерге өз тәжірибесінде қолдануға болатын әдіс-тәсілдерді тәжірибе жүзінде меңгеруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар қатысушылар арасында кәсіби тәжірибе алмасу ұйымдастырылды.

Семинарды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Жанар Ибраева өткізді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«Мәтіннен мағынаға, мағынадан әрекетке»: педагогтерге арналған семинар — Өрлеу