«U-SPACE» ДИАЛОГ АЛАҢЫНДА ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институтында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасына арналған «U-space» диалог алаңының кезекті отырысы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты педагогтерді аттестаттау жүйесіндегі өзгерістерді талқылау, пилоттық жобаның негізгі бағыттарын түсіндіру және білім беру саласы өкілдерінің сұрақтарына жауап беру. Ашық диалог форматында өткен отырыс педагогтерді аттестаттау тәртібіндегі өзгерістерді тереңірек түсінуге және білім беру саласының өкілдері арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Диалог алаңына спикер ретінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бас сарапшысы М. Өмірәлиева, «Өрлеу» БАҰО» АҚ департаментінің басшысы Г. Мұхамеджанова, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК бөлім басшысы Қ. Қыпшақбаева, сондай-ақ білім беру саласындағы тәуелсіз сарапшылар М. Мырзахметова мен М. Макаева қатысты.
Кездесуге білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары мен институттың курс тыңдаушылары қатысып, аттестаттаудың пилоттық жобасына қатысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Спикерлер өзекті мәселелер бойынша түсіндірмелер беріп, қатысушылармен пікір алмасты. Жиынға қатысқан педагогтер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің аттестаттау жүйесін жетілдіруге бағытталған бастамаларын қолдайтынын білдірді.
Басқа жаңалықтар

КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ: ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ОҚЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАР
Ағымдағы жылдың 29 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының курстан кейінгі қолдау шаралары аясында бастауыш сынып және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған онлайн-практикумдар оздырылды.

«Өрлеу» облыстық телеарна эфирінде
Гульдарай Кыркаева, «Өрлеу» Ақмола облысы бойынша филиалының аға оқытушысы, KOKSHE телеарнасының «Пәрменді пікір» бағдарламасының эфирінде сөз сөйледі.

ЖАС АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІН ҚОЛДАУ: МЕКТЕПТЕГІ КӘСІБИ ДАМУҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ мен Британдық Кеңестің үздіксіз кәсіби даму (ҮКД) бағытындағы бірлескен жобасы аясында Ақтөбе қаласындағы жобаға қатысушы мектептерге жұмыс сапарлары ұйымдастырылды.