ТӘЛІМГЕРЛІК – ЖАС МАМАННЫҢ КӘСІБИ ӨСУІНЕ ЖОЛ АШАТЫН МҮМКІНДІК

Жас маманның педагогикалық ортаға сенімді қадам басуы, өз әлеуетін ашуы және
кәсіби тұрғыдан қалыптасуы – жүйелі қолдау мен тиімді бағыт-бағдарды қажет
ететін үдеріс. Бұл ретте тәлімгерлік тек тәжірибе алмасу құралы ғана емес, жас
педагогтің жаңа идеяларды сынап, өз тәжірибесін қалыптастыруына мүмкіндік
беретін маңызды кәсіби алаң.
Осы бағыттағы өзекті мәселелерді талқылап, тың тәсілдер мен тиімді
тәжірибелерді ортаға салу мақсатында І. Есенберлин атындағы №15 жалпы білім
беретін орта мектебінде филиалдың аға оқытушылапы Гүлнара Абулхайрова мен
Ляззат Ермекбаеваның жетекшілігімен «Жас мамандардың кәсіби бейімделуін
жетілдіруде тәлімгерліктің инновациялық технологияларын қолдану» тақырыбында
облыстық шеберхана ұйымдастырылды.
Шеберхана барысында тәлімгерліктің дәстүрлі шеңберінен шығып, жас маманның
кәсіби қажеттіліктеріне негізделген заманауи қолдау тетіктері қарастырылды.
Қатысушылар тәжірибелік тапсырмалар арқылы тәлімгер мен жас педагог арасындағы
тиімді қарым-қатынастың, кері байланыстың, кәсіби рефлексия мен бірлескен
ізденістің маңызын зерделеді.
Кездесудің басты құндылығы – дайын шешімдерді ұсыну емес, жас маманның өз
кәсіби жолын табуына көмектесетін тиімді тәсілдерді бірлесе іздеу, тәжірибені
жаңаша көзқараспен бағамдау болды.
Өйткені жақсы тәлімгер жас маманға тек жол көрсетіп қана қоймайды, оның өз
жолын табуына мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар

САУАТТЫ ШЕШІМ – КЕЗДЕЙСОҚ СӘТТІЛІКТЕН ӘЛДЕҚАЙДА СЕНІМДІ БОЛАШАҚҚА БАСТАЙТЫН ЖОЛ!
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалында педагогтерге арналған «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталды.

Цифрлық тарих: оқытудың жаңа форматы
Қазіргі білім беру кеңістігінде мұғалімнің рөлі тек білім берумен шектелмейді. Бүгінде педагог – цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеуші, инновациялық технологияларды оқу үдерісіне енгізуші және оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырушы тұлға.

«ПАРАСАТ МАЙДАНЫ»: ОЙ ТЕРЕҢДІГІ МЕН ЗЕРДЕ ҰШҚЫРЛЫҒЫ ТОҒЫСҚАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ АЛАҢ
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясының үшінші ұжымдық кітап оқу сессиясы өтті.