Назар аударыңыз: «Өрлеу» атауын заңсыз пайдаланып, курс ұйымдастыру фактілері анықталды

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының атауы мен логотипін заңсыз пайдаланып, түрлі курстарға қатысу туралы жалған ақпараттың таралу фактілері анықталды.
Педагогтерден күмән тудыратын курстарға қатысудан бас тартып, ақпараттың шынайылығын тек ресми дереккөздер арқылы тексеруді сұраймыз. «Өрлеудің» ресми курстарын ажырату жолдары туралы нұсқаулық жоғарыда ұсынылған.
«Өрлеу» логотипі зияткерлік меншік объектісі және құқықтық қорғауға жатады. ҚР Азаматтық кодексінің 1032-бабына сәйкес тауар белгісіне құқықты бұзған тұлға бұзушылықты дереу тоқтатуға, заңсыз орналастырылған материалдарды (оның ішінде интернет-ресурстардан, жарнамадан және өзге де ақпарат тасымалдағыштардан) алып тастауға, сондай-ақ келтірілген залалды өтеуге немесе сот айқындайтын өтемақы төлеуге міндетті. Тауар белгісі заңсыз пайдаланылған материалдар контрафактілік деп танылады және айналымнан алып қоюға жатады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 222-бабына сәйкес бөтен тауар белгісін (немесе онымен шатастыру дәрежесіне дейін ұқсас белгіні) заңсыз пайдалану, егер ол ірі залал келтірсе, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Қоғам өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сот және құқық қорғау органдарына жүгіну құқығын өзіне қалдырады.




Басқа жаңалықтар

«Жаһандық өзгерістер жағдайындағы педагогикалық тәжірибенің трансформациясы» халықаралық конференциясы
2026 жылғы 25 қарашада «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Zoom платформасында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті. Шараға 5 елден — Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан және Ресейден (соның ішінде Алтай Республикасы мен Саха (Якутия) Республикасы) 70-тен астам педагог, зерттеуші мен спикер қатысты.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
26 қараша күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының ұйымдастыруымен «Зерттеу нәтижелерінен тәжірибеге: бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар құрастыру» тақырыбында онлайн-практикум өтті. Кәсіби іс-шараға Орал қаласы мен облыс аудандарынан 50 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Практикумға кафедраның аға оқытушысы Ж.Т. Узахова жетекшілік етті.
