Өрлеу

ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ – АДАЛ АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗІ

ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ – АДАЛ АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗІ

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын бастауыш сынып пәндерінің мазмұнына интеграциялау» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Білім беру бағдарламасы педагогтердің оқу үдерісіне тәрбиелік міндеттерді бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай, педагогикалық тұрғыдан тиімді енгізу құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.

Курс барысында тыңдаушылар:

▪️ сабақтар мен тәрбиелік іс-шаралардың мақсаттарына құндылықтық бағдарларды енгізуді;

▪️ оқушылардың бойында құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған оқу тапсырмаларын, ойындар мен зерттеу жағдаяттарын әзірлеуді;

▪️ құндылықтық тәсіл мен тәрбиелік нәтижелерді бақылау критерийлерін ескере отырып, қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жобалауды;

▪️ оқу үдерісінде, бақылау мен бағалауда цифрлық және жасанды интеллект құралдарын пайдалануды;

▪️ тәрбиелік нәтижелерге қол жеткізуді бағалау үшін кері байланыс түрлерін қолдануды үйренді.

Сонымен бірге тыңдаушылардың сабақтан кейінгі бос уақытын тиімді ұйымдастыру, курста меңгерген дағдыларын тәжірибеде қолдану мақсатында облыстық тарихи-өлкетану музейіне танымдық-зерттеу экскурсиясы ұйымдастырылды.

Музейдегі танымдық экскурсияда тыңдаушылар «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының бағыттарын оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үдерісіне тиімді енгізу бойынша пікір алмасып, оқу тапсырмалары мен шағын зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын талқылады.

Музейдегі тарихи жәдігерлер мен өңірдің мәдени мұрасы педагогтерге «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын оқу үдерісіне тиімді енгізу жолдарын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ – АДАЛ АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗІ — Өрлеу