БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ: «ТІЛТАНЫМ» ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛДЫ

Қарағанды
қаласындағы № 5 ҚББМО мектебінде айтулы оқиға – «Тілтаным» зертханасының
салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Жаңа
зертхана Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстан
Оқу ассоциациясының мүшесі, Қарағанды облысының құрметті педагогі, ардагер
ұстаз Смағұлова Ғазиза Ғабдоллақызының құрметіне ашылды.
«Тілтаным»
зертханасы – ана тілін терең меңгеруге, тіл білімін зерттеуге және оқушылардың
ғылыми-зерттеу қабілеттерін дамытуға бағытталған заманауи білім беру кеңістігі.
Бұл бастама жас ұрпақтың тілге деген қызығушылығын арттырып, ұлттық
құндылықтарды дәріптеуге мүмкіндік береді.
Осы
игі бастамаға орай «Өрлеу» Қарағанды филиалының ұжымы Ғазиза Ғабдоллақызын
зертхананың ашылуымен шын жүректен құттықтайды!
Ұлт
мәдениеті мен ана тілінің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген ардақты ұстазға
зор денсаулық, шығармашылық шабыт және толағай табыс тілейміз. Зертхананың
шәкірттері ғылым мен білім жолында биік белестерді бағындыра берсін!
Басқа жаңалықтар

Білім берудегі инновациялар: «Өрлеу» Ақмола филиалында конференция өтті
Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтында «Жаңашыл мектеп: білім сапасы, инновациялар және педагогикалық тәжірибелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті.

БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ БІРТҰТАС ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ІСКЕ АСЫРУ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалында «Білім беру процесінде біртұтас тәрбие құндылықтарын іске асыру» тақырыбында педагогтердің біліктілігін арттыру курсы жалғасуда.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҮНДЕСТІГІ: КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Бүгінде жасанды интеллект – білім алушының шығармашылық әлеуетін ашуға, тың идеяларын жүзеге асыруға және оқу үдерісін жаңа мазмұнмен толықтыруға мүмкіндік беретін заманауи құрал. Әсіресе, шығармашылық пен практикалық әрекетке негізделген көркем еңбек пәнінде оның мүмкіндігі мол.