Өрлеу

«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» (Т1) тақырыбында педагогтердің біліктілігін арттыру курсын өткізді

«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» (Т1) тақырыбында педагогтердің біліктілігін арттыру курсын өткізді
2026 жылдың 17 мен 28 тамыз аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен Тараз қаласында «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» (Т1) тақырыбында педагогтердің біліктілігін арттыру курсын өткізуде. Курс мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге, білім беру мазмұнын жаңарту талаптарына сәйкес оқыту тәжірибесін дамытуға бағытталған.
Куртың бірінші модульі білім беру жүйесіндегі заңнамалық және нормативтік құжаттарға негізделген. Бұл модульде білім беру трендтері мен стейкхолдерлер сұраныстары мемлекеттік стандарттың негізі ретінде қарастырылады. Мемлекеттік және нормативтік құжаттардың құрылымы, өзара байланысы және міндетті талаптары талданады. Халықаралық және ұлттық зерттеулердің (PISA, TIMSS, МОДО) нәтижелері сараланып, олардың мұғалім тәжірибесіне тигізетін ықпалы анықталады. Бұл зерттеулер оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту қажеттігін көрсетеді.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» (Т1) тақырыбында педагогтердің біліктілігін арттыру курсын өткізді — Өрлеу