ЖАҢА БІЛІМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР: ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ

«Өрлеу» Қостанай облысы бойынша филиалында мемлекеттік тапсырыс аясында педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының кезекті легі басталды.
Курстар инклюзивті білім беру, бастауыш білім беру (қазақ және орыс тілдерінде оқыту), информатика, қазақ тілі, биология, химия және көркем еңбек пәндері бойынша ұйымдастырылды.
Оқу барысында педагогтер кәсіби білімдерін жетілдіріп, заманауи оқыту әдістемелерін меңгеруге және алған білімдерін тәжірибеде тиімді қолдануға мүмкіндік алады.
Біліктілікті арттыру курстары педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған.
Басқа жаңалықтар

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ҚҰРАЛЫ
Сабақ барысында мұғалімдер ChatGPT және басқа да жасанды интеллект платформаларымен жұмыс істеп, олардың білім беру саласындағы мүмкіндіктерін тәжірибе жүзінде зерделеді.

КУРСТЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ: ОҚУ МАҚСАТЫНАН – НАҚТЫ НӘТИЖЕГЕ
Курс барысында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын тиімді іске асыру, оқу үдерісін сауатты жоспарлау және күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мәселелеріне басымдық берілуде.

Білім берудегі инновациялар: «Өрлеу» Ақмола филиалында конференция өтті
Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтында «Жаңашыл мектеп: білім сапасы, инновациялар және педагогикалық тәжірибелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті.