Өрлеу

КӘСІБИ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ: ОНЛАЙН КУРСТАР ЖАЛҒАСУДА

КӘСІБИ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ: ОНЛАЙН КУРСТАР ЖАЛҒАСУДА

Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи білім беру талаптарына бейімдеу және озық тәжірибелерді меңгеру мақсатында онлайн режиміндегі біліктілікті арттыру курстары жалғасуда.

Курс бағдарламалары білім берудің әртүрлі бағыттарын қамтып, педагогтерге өз тәжірибесін жаңартуға, жаңа әдіс-тәсілдерді игеруге және кәсіби әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді. 

Қазіргі уақытта тыңдаушылар төмендегі бағыттар бойынша білімдерін жетілдіруде:

▪️ «Мектепке дейінгі ұйымның заттық-кеңістіктік даму ортасын ұйымдастыру»;

▪️ «Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»;

▪️ «Музыка» пәнінің мазмұны арқылы ұлттық құндылықтарды интеграциялау»;

▪️ «Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік және жобалық іс-әрекеті»;

▪️ «Формирование читательской грамотности на уроках русского языка и литературы»;

▪️ «Биология сабақтарында ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту»;

▪️ «Информатика» оқу пәні бойынша жобалық іс-әрекет». 

Онлайн оқыту форматы педагогтерге уақыт пен кеңістіктік шектеулерге қарамастан, білімін толықтырып, кәсіби тәжірибесін жетілдіруге жол ашады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

КӘСІБИ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ: ОНЛАЙН КУРСТАР ЖАЛҒАСУДА — Өрлеу