Өрлеу

«ПРОФИЛЬДІ КҮН»: КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУДІҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ

«ПРОФИЛЬДІ КҮН»: КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУДІҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Астана қаласы бойынша филиалында «Білім алушыны кәсіби бағдарлаудағы мектептің іс-әрекеті» біліктілікті арттыру курсы аясында «Профильді күн» тренинг-акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты педагогтердің кәсіби бағдар беру бағытындағы құзыреттерін жетілдіру, заманауи әдістемелік тәсілдермен таныстыру және оқушыларға саналы мамандық таңдауға қолдау көрсету жолдарын қарастыру.

Тренингтің арнайы шақырылған спикері – педагог-профориентаторлар қауымдастығының төрағасы Сунчалиев Асхат Маратұлы. Ол «Заманауи кәсіптік бағдарлау техникаларына шолу» тақырыбында ашық дәріс өткізіп, кәсіби бағдар беру саласындағы тәжірибелік тәсілдер мен тиімді әдістемелік шешімдерді ұсынды.

Дәріс барысында жеке және топтық консультация жүргізудің әдістемелік негіздері, жалпы білім беретін мектептерде кәсіби бағдарлау жұмысын ұйымдастырудың тиімді модельдері мен тетіктері кеңінен талқыланды. Ашық диалог пен тәжірибе алмасу форматында өткен кездесуде курс тыңдаушылары оқушылардың кәсіби қызығушылықтарын анықтау, олардың қабілеттерін ескере отырып саналы мамандық таңдауына қолдау көрсету және мектептегі кәсіби бағдарлау жұмысын жүйелі ұйымдастыру мәселелеріне тоқталды. 

«Профильді күн» педагог-кәсіптік бағдар берушілердің кәсіби құзыреттерін жетілдіруге, теориялық білімді практикалық тәжірибемен ұштастыруға және білім беру жүйесінде жаңа әдістемелік тәсілдерді енгізуге бағытталған мазмұнды кәсіби алаң болды.

Кәсіби бағдарлау – мамандықты таныстыру ғана емес, оқушының өз болашағын саналы жоспарлауына жол ашу!

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«ПРОФИЛЬДІ КҮН»: КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУДІҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ — Өрлеу