«ОҚУ МӘДЕНИЕТІ – ҰЙЫМ МӘДЕНИЕТІ»: ЕКІНШІ КІТАП ОҚУ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы өз жалғасын тауып, «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында екінші кітап оқу сессиясы өткізілді.
Кезекті кездесуде қазақтың даңқты батыры, көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы талқылаудың негізгі тақырыбы болды.
Кездесу барысында қатысушылар шығармада көрініс тапқан отбасылық тәрбие, ұлттық құндылықтар, үлкенге құрмет пен ұрпақтар сабақтастығы мәселелерін қазіргі өмірмен байланыстыра отырып талқылады.
Әріптестер туындыдағы оқиғалар мен кейіпкерлердің әрекеттеріне қатысты өз ойларын ортаға салып, бүгінгі қоғамдағы тәрбие мәселелері жөнінде өзара пікір алмасты. Сонымен қатар шығармада көтерілген тағылымды ойлардың қазіргі заманмен үндестігі, олардың күнделікті өмірдегі және педагогикалық қызметтегі маңызы кеңінен сөз болды. Ашық әңгіме мен мазмұнды пікір алмасу кездесудің танымдық әрі тәрбиелік мәнін арттырды.
«Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы аясындағы кітап оқу сессиялары алдағы уақытта да жалғасын тауып, ұжым арасында оқу мәдениетін қалыптастыруға және кітапқа деген қызығушылықты арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізіле бермек.
Басқа жаңалықтар

САУАТТЫ ШЕШІМ – КЕЗДЕЙСОҚ СӘТТІЛІКТЕН ӘЛДЕҚАЙДА СЕНІМДІ БОЛАШАҚҚА БАСТАЙТЫН ЖОЛ!
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалында педагогтерге арналған «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталды.

Цифрлық тарих: оқытудың жаңа форматы
Қазіргі білім беру кеңістігінде мұғалімнің рөлі тек білім берумен шектелмейді. Бүгінде педагог – цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеуші, инновациялық технологияларды оқу үдерісіне енгізуші және оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырушы тұлға.

Курс тыңдаушыларына сертификат табысталды
Бүгін «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсының кезекті тобы аяқталды. «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институтытының директор орынбасары Мұхтар Ахтаев тыңдаушыларға сертификат табыстап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.