Өрлеу

«Қаржылық сауаттылық негіздері»

«Қаржылық сауаттылық негіздері»
2026 жылғы 3 қыркүйекте Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Назира Абдикеримова «Қаржылық сауаттылық негіздері» біліктілікті арттыру курсының мазмұнын түсіндіру және оны іске асырудың негізгі бағыттарын талқылау мақсатында республика филиалдарының тренерлеріне арналған оқыту вебинарын өткізді.
Вебинар барысында курс бағдарламасының құрылымы мен мазмұны, оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелері жан-жақты қарастырылды. Тренерлерге курстың негізгі тақырыптарын оқыту ерекшеліктері, теориялық материалды практикалық тапсырмалармен ұштастыру жолдары және тыңдаушылардың қаржылық сауаттылығын дамытуға бағытталған жұмыс түрлері түсіндірілді.
Кездесу барысында қаржылық сауаттылық негіздері бойынша курсты ұйымдастырудағы басты ерекшеліктер «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен Ұлттық банктің бірлесе әзірлеген бейнематериалдары, симуляциялық тренажерлар мен геймификациялар және жеке қаржыны басқаруға қатысты өзекті тақырыптарға арналған мультфильмдердің курс барысында қолданылу ерекшеліктері түсіндірілді.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар