Өрлеу

ИДЕЯДАН НӘТИЖЕГЕ ДЕЙІН: ЗАМАНАУИ САБАҚТЫ ЖОБАЛАУ

ИДЕЯДАН НӘТИЖЕГЕ ДЕЙІН: ЗАМАНАУИ САБАҚТЫ ЖОБАЛАУ

19 мамырда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай жоғары педагогикалық колледжі» КМҚК ББП-22 тобының 2-курс студенттеріне арналған «Идеядан нәтижеге дейін: заманауи сабақты жобалау» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Іс-шараны «Өрлеу» Қостанай облысы бойынша филиалының аға оқытушысы О.В. Бурага жүргізді.

Семинардың негізгі мақсаты – болашақ педагогтердің заманауи сабақты жобалау және жоспарланған оқу нәтижелеріне қол жеткізу бойынша кәсіби дағдыларын дамыту.

Практикум барысында қатысушылар сабақ мақсаттарын нақты әрі өлшенетін түрде тұжырымдау, оқу мақсаттары, тапсырмалар мен бағалау арасындағы байланысты анықтау, білім алушылардың ойлау дағдыларының деңгейлерін ескеру, бағалау критерийлері мен дескрипторларды әзірлеу мәселелерін қарастырды.

Практикалық бөлімде студенттер нақты мысалдарды талдап, тапсырмалар орындады, педагогикалық жағдаяттарды талқылады және сабақтың жекелеген элементтерін өз бетінше жобалады.

Семинар болашақ педагогтердің сабақ жоспарлау дағдыларын жетілдіруге, оқу үдерісін нәтижеге бағдарлауға және кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ИДЕЯДАН НӘТИЖЕГЕ ДЕЙІН: ЗАМАНАУИ САБАҚТЫ ЖОБАЛАУ — Өрлеу