
Елімізде «Келешек мектептері» педагогтеріне арналған онлайн оқыту басталды
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Келешек мектептері» педагогтеріне арналған онлайн курсының кезекті легін іске қосты. Оқыту педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, білім беру үдерісіне заманауи тәсілдерді енгізуге бағытталған. Биыл жаңа форматтағы 178 қалалық және ауылдық мектептен 4 мыңнан астам педагог оқытудан өтеді. Мұғалімдердің басым бөлігі сабақты қазақ тілінде жүргізеді (87,4%). LMS цифрлық…








