«Өрлеуде» жаңа Конституция жобасының басым бағыттары талқыланды

Жиын барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Зейнеп Мақсұтова жаңа Конституция жобасының негізгі тұжырымдамалық бағыттарына жан-жақты тоқталды.
Зейнеп Әбдіжүсіпқызы өз баяндамасында Конституциялық реформаның мәні мен маңызын, адами капиталды дамытуға бағытталған қағидаттарды, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға арналған өзгерістерді, сондай-ақ білім беру саласына тікелей әсер ететін нормаларды кеңінен түсіндірді.
Талқылауға қатысқан «Өрлеу» ұлттық орталығының қызметкерлері ұсынылып отырған өзгерістерге қатысты пікірлерін білдіріп, өз ойларын ортаға салды.

Басқа жаңалықтар



ӨРЛЕУ-TRAINER: КӘСІБИ ДАМУ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
Филиалда тренерлерге арналған «Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы басталды. Тренерлердің шығармашылық әлеуетін ашу, озық педагогикалық идеялар мен авторлық бағдарламаларды анықтау бағытындағы оқыту семинарларының қорытындысы бойынша үздік авторлық әдістемелер жинағы шығарылып, жұмыс тәжірибесіне енгізіледі.