
Жас педагогтердің кәсіби дамуына арналған қалалық семинар өтті
2025 жылғы 10 қарашада «Жас педагогтің кәсіби дамуындағы тәлімгерлік» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы аясында жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Педагог тәжірибесінде күрделіліктің 5–6 деңгейлерінің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін тапсырмаларды әзірлеу және қолдану» тақырыбында қалалық семинар өтті.
