Жас педагогтердің кәсіби дамуына арналған қалалық семинар өтті

Іс-шара «Алматыкітап» баспасында ұйымдастырылып, педагогтердің функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды әзірлеу және цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану дағдыларын жетілдіруге арналды.
Семинар барысында қатысушылар «Алматыкітап» баспасының оқулықтары мен оқу-әдістемелік материалдарымен, сондай-ақ TopIQ электрондық оқулықтар платформасының мүмкіндіктерімен танысты. Платформаның онлайн режимде, ал мобильді қосымшасының офлайн форматта жұмыс істейтіні түсіндірілді.
Сонымен қатар педагогтер App Store және Google Play арқылы электрондық ресурстарды мобильді құрылғыларға жүктеу, интернетсіз пайдалану және оқу үдерісіне енгізу жолдарын меңгерді. Баспа ұсынатын мультимедиалық қосымшалар мен интерактивті оқу материалдары да таныстырылды.
Кездесу барысында жасанды интеллект, анимация, графика және цифрлық оқулықтардың білім беру үдерісіндегі мүмкіндіктері талқыланды. Қатысушылар баспа мен білім беру ұйымдары арасындағы өзара ынтымақтастықтың маңызын атап өтіп, заманауи ресурстарды тәжірибеде қолдану жолдары бойынша пікір алмасты.
Семинарды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, тренер Фатима Серікбайқызы және «Алматыкітап» баспасының PR-бөлімінің бас әдіскері Арайлым Ерболатқызы Ерболат ұйымдастырды.
Семинар педагогтердің кәсіби тәжірибесін толықтырып, цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдану мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталды.
Басқа жаңалықтар

ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ПАРАДИГМАСЫ: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесін жаңғырту, цифрлық технологияларды дамыту және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелерін еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді.

БІР МӘСЕЛЕ – БІРНЕШЕ ШЕШІМ: ЗАМАНАУИ САБАҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Қазіргі сабақта ең маңыздысы – оқушының дұрыс жауапты білуі ғана емес, сол жауапқа апаратын түрлі жолдарды көре білуі. Ал мұндай қабілетті дамытуда цифрлық технологиялардың мүмкіндігі қандай?

«ӨРЛЕУДЕ» ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН АКЦИЯ БАСТАЛДЫ
«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» атты акция басталды. Бастамаға еліміздің 20 филиалынан құралған 21 команда қатысып, командалық оқу арқылы ортақ әдеби кеңістік қалыптастыруға кірісті.