Өрлеу

Республика күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Республика күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ел тәуелсіздігінің тарихи мәні мен маңызын насихаттау, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру.

Дөңгелек үстелді «Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығының» жетекшісі, тарихшы, Мәдениет саласының үздігі Роза Жүнісқызы жүргізді.

Кездесу барысында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Ғизаттулла Халидуллин ел егемендігінің тарихи маңызы мен тәуелсіздіктің саяси және рухани қырларына тоқталды.

Университеттің әлем тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Ханзада Ағыбайқызы Сутеева Республика күнінің мемлекет тарихындағы орны мен ұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі туралы ой бөлісті.

Сонымен қатар, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті деканының орынбасары, аға оқытушы Медет Дүйсенбекұлы Азанбаев және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедрасының аға оқытушысы Гүлжанат Ғабдулахметқызы іс-шараға қатысып, мерекенің тарихи және қоғамдық маңызын талқылады.

Кездесу барысында қатысушылар ел дамуы, ұлттық бірлік пен рухани жаңғыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Республика күні – мемлекеттілігімізді нығайтып, ұлттық бірегейлігімізді айқындайтын маңызды мереке. Бұл күн елдік пен бірліктің, тәуелсіздік пен жаңғырудың символы болып қала береді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Республика күніне арналған дөңгелек үстел өтті — Өрлеу