«ПАНОРАМА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР – 2026»: ІІ ОРЫН ИЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Атырауда өткен «Панорама педагогикалық идеялар – 2026» республикалық байқауының өңірлік кезеңінде жүлделі ІІ орын иеленген педагогтар марапатталды.
Биыл Атырау облысы бойынша өңірлік кезеңге 500 жуық жұмыс ұсынылып, оның 38-і жүлделі орындарға ие болды. Байқау қорытындысы бойынша 7 бағытта үздік нәтиже көрсеткен 14 педагог ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
ІІ орын иегерлеріне дипломдарды «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аққалли Қабижанұлы табыстады.
Жүлдегер педагогтарды лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Кәсіби ізденістеріңіз бен жаңашыл идеяларыңыз білім беру тәжірибесін дамытуға үлес қосып, жаңа жетістіктерге бастай берсін!
Басқа жаңалықтар

«Жаһандық өзгерістер жағдайындағы педагогикалық тәжірибенің трансформациясы» халықаралық конференциясы
2026 жылғы 25 қарашада «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Zoom платформасында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті. Шараға 5 елден — Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан және Ресейден (соның ішінде Алтай Республикасы мен Саха (Якутия) Республикасы) 70-тен астам педагог, зерттеуші мен спикер қатысты.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
26 қараша күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының ұйымдастыруымен «Зерттеу нәтижелерінен тәжірибеге: бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар құрастыру» тақырыбында онлайн-практикум өтті. Кәсіби іс-шараға Орал қаласы мен облыс аудандарынан 50 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Практикумға кафедраның аға оқытушысы Ж.Т. Узахова жетекшілік етті.
