«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026»

Жамбыл облысының қорытындысы: Жаңа идея. Жаңа тәжірибе. Жаңа мүмкіндік!
«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауы — ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №514 бұйрығы негізінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастыратын басты республикалық байқауына Жамбыл облысы бойынша биыл барлығы 1859 өтінім келіп түсті. Бұл облыс мектептерінің 26% құрап отыр.
Алдағы ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында, 2026 жылдың 2-ші қазан күні, дәстүрлі түрде «Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы»қоғамдық бірлестіктігінің қолдауымен өңірлік деңгей жеңімпаздары марапатталды.
Марапаттау салтанатты барысына Жамбыл облысы бойынша Өрлеу филиалында жұмыс істеп, жемісті еңбегімен үлкен із қалдырған ардагер ұстаздар: Сейданова Дина Абдыжалелқызы, Хайрушева Жанар Сакипқызы, Каркабаева Парида Пазылқызы, ғалым ағартушы Таукебаева Күнсұлу Сатханқызы және филиалдың алғашқы директоры Сыздықбаева Ғалия Ұзақбайқызы құрметті қонақ ретінде арнайы шақыртылып, ардагер ұстаздарға ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның Басқарма төрағасы — Алматов Ғалымжан Бауыржанұлының гүл шоқтары мен Құрмет грамотасы табысталды.
Өрлеу Жамбыл «Жамбыл облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Е.С.Мағзымбековтің алғыс хатымен Жаратылыстану-матемтикалық бағыттағы кафедрасының аға оқытушысы Кошкимбаева Жанар Сыихынбаевна, Қоғамдық гуманитарлық бағыттағы кафедрасының аға оқытушысыАбилова Айгуль Булатовна марапатталды.
Өңірлік кезеңнің 🏆 7 бағыт – 42 жеңімпазын Жамбыл Өрлеу директоры Қожамжарова Латипа Сейдахметқызы марапаттады. 2026 жылғы 📊 конкурсқа қатысушылардың:
1520-сы (81,8%) – байқауға алғаш рет қатысқан педагогтер;
339-ы (18,2%) – өз тәжірибесін қайта ұсынған педагогтар болып табылады.
Бұл – өңір педагогтерінің кәсіби ізденіске, жаңа идея ұсынуға және өз тәжірибесін таратуға деген қызығушылығының жоғары екенінің айқын көрсеткіші.
🌍 Аумақтық белсенділік
Өтінімдер саны бойынша көш бастағандар:
🥇 Тараз қаласы – 465
🥈 Меркі ауданы – 188
🥉 Қордай ауданы – 185
Сонымен қатар Шу ауданы – 146, Байзақ ауданы – 133 өтініммен жоғары белсенділік танытты.
Бұл жеңістердің әрқайсысы – педагогтің кәсіби шеберлігінің, шығармашылық ізденісінің және білім алушының дамуына деген шынайы қамқорлығының нәтижесі.
«Педагогикалық идеялар панорамасы» – тек конкурс емес.
Бұл – педагогтің өз тәжірибесін саралап, жаңашыл идеясын ұсынатын, кәсіби әлеуетін танытатын және үздік тәжірибесін әріптестерімен бөлісетін үлкен шығармашылық алаң.
1859 жұмыс – 1859 ізденіс.
1520 жаңа қатысушы – жаңа идеялар легі.
42 жеңімпаз – кәсіби шеберліктің нақты нәтижесі.
Алда – үздік жұмыстарды насихаттау, тәжірибені тарату және Жамбыл педагогтерінің кәсіби жетістіктерін республикалық деңгейде таныту.
Сондай-ақ, іс-шара барысында «Өрлеу» Жамбыл филиалында ұрпақтар сабақтастығын айшықтайтын ерекше сәт 2016 жылға тарихи шегініс жасап,Жамбыл Өрлеу филиалы алғашқы директорв Сыздыкбаева Галия Узакбаевна еңбек өтілі 3–5 жыл аралығындағы «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» курсының тыңдаушыларына біліктілікті арттыру сертификаттарын салтанатты түрде тапсырды. Он жылдық тәжірибе мен жас педагогтердің жаңашыл серпіні тоғысқан бұл кездесу ұстаздық жолдың дәстүрі үзілмей, жаңа белеске көтерілгенін тағы бір мәрте дәлелі деп білеміз!
Жамбыл облысының барлық педагогтеріне белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз!
Әр идея – білім сапасына қосылған үлес.
Әр ізденіс – ұстаз мәртебесін биіктетеді.
Әр жеңіс – Жамбыл педагогінің жеңісі! 🌟
Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
8 қазан күні жоспарға сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалы директорының орынбасары К. Байкатованың жетекшілігімен институт базасында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан тыңдаушыларға педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті. Кездесуге тарих, информатика, география және бастауыш сынып мұғалімдері, орта білім беру ұйымдарының педагогтері, әдіскерлер мен басшы орынбасарлары қатысты. Барлығы 100-ден астам…

«ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫ: ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЖАУАПТЫ МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ
Педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Атырау қаласы мен облыс аудандарындағы мектептер мен балабақшалардың жаңадан тағайындалған жауапты мамандарына арналған онлайн-семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында пилоттық жоба бойынша педагогтерді аттестаттаудың негізгі талаптары мен кезеңдері, «Ұстаз» платформасында жұмыс істеу тәртібі, портфолионы қалыптастыру және қажетті мәліметтерді енгізу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмысын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық…

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру және консультациялық-әдістемелік қолдау жұмыстары жалғасуда. Институтта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған түсіндірме кездесу өтті. Кездесу барысында ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы №159-НҚ бұйрығымен бекітілген талаптар және пилоттық жоба аясындағы аттестаттаудың жаңа тәртібі түсіндірілді. Атап айтқанда, педагогтердің кәсіби…