ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ – 2026: АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ 2-ОРЫН ИЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ


Алматы қаласында «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» республикалық конкурсының өңірлік кезеңінде жүлделі 2-орынға ие болған педагогтерді марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында Алматы қаласының білім беру ұйымдарынан қатысқан 12 педагогке арнайы дипломдар табысталды. Жеңімпаздарды марапаттаған – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалы директорының орынбасары Мелдебеков Ержан Тұрғанбаевич.
«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсы – педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға, шығармашылық және инновациялық идеяларын қолдауға, озық педагогикалық тәжірибесін кеңінен таратуға бағытталған маңызды кәсіби алаң.
Конкурстың өңірлік кезеңінде Алматы қаласының педагогтері білім беру саласындағы өзекті бағыттар бойынша өздерінің авторлық идеялары мен тиімді педагогикалық тәжірибелерін ұсынып, кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Биыл Алматы қаласы бойынша жүлделі 2-орынға 12 педагог 7 бағыт бойынша ие болды.
Экологиялық сауаттылық
Аскарова Риазатхан Наримановна – Шоқан Уәлиханов атындағы жеке меншік мектебі;
Каргабаева Лаззат Төлеуовна – М. Мақатаев атындағы №140 гимназия.
Оқу сауаттылығы
Абдигулова Алия Ерлановна – «Тамос Эдьюкейшн» физика-математика мектебі.
Цифрлық сауаттылық
Мырзаева Меруерт Сүлейменовна – №181 жалпы білім беретін мектеп;
Алинова Мейрамгуль Баяхметовна – №26 жалпы білім беретін мектеп.
Қаржылық сауаттылық
Абилжанова Меруерт Хасенаевна – №148 мектеп-гимназия;
Бишер Сабина Марленқызы – №98 жалпы білім беретін мектеп.
Мәдениетаралық сауаттылық
Бейсембаева Гаухар Сериковна – А. Жұбанов атындағы дарынды балалар мектебі.
Математикалық сауаттылық
Кебирова Рамира Мамаетовна – №46 гимназия;
Елтаева Элеонора Мейрамханқызы – №204 жалпы білім беретін мектеп.
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық
Бұқаева Жадыра Қанатқызы – №211 мектеп-гимназия;
Сайлаукулова Аружан Ермуратқызы – №72 жалпы білім беретін мектеп.
Конкурс педагогтердің кәсіби ізденісін ынталандырып қана қоймай, білім беру үдерісіне заманауи тәсілдерді енгізуге, тиімді тәжірибелерді әріптестер арасында таратуға және педагогикалық қауымдастықтың шығармашылық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Марапаттау рәсімінде педагогтердің шығармашылық ізденісі мен кәсіби еңбегі жоғары бағаланып, олардың білім беру сапасын арттыруға қосып жүрген үлесі атап өтілді.
«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» конкурсында жүлделі орынға ие болған барлық педагогтерді құттықтаймыз! Ұстаздарға кәсіби қызметтерінде толағай табыс, шығармашылық шабыт, жаңа идеялар мен биік жетістіктер тілейміз!
Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
8 қазан күні жоспарға сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалы директорының орынбасары К. Байкатованың жетекшілігімен институт базасында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан тыңдаушыларға педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті. Кездесуге тарих, информатика, география және бастауыш сынып мұғалімдері, орта білім беру ұйымдарының педагогтері, әдіскерлер мен басшы орынбасарлары қатысты. Барлығы 100-ден астам…

«ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫ: ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЖАУАПТЫ МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ
Педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Атырау қаласы мен облыс аудандарындағы мектептер мен балабақшалардың жаңадан тағайындалған жауапты мамандарына арналған онлайн-семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында пилоттық жоба бойынша педагогтерді аттестаттаудың негізгі талаптары мен кезеңдері, «Ұстаз» платформасында жұмыс істеу тәртібі, портфолионы қалыптастыру және қажетті мәліметтерді енгізу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмысын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық…

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру және консультациялық-әдістемелік қолдау жұмыстары жалғасуда. Институтта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған түсіндірме кездесу өтті. Кездесу барысында ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы №159-НҚ бұйрығымен бекітілген талаптар және пилоттық жоба аясындағы аттестаттаудың жаңа тәртібі түсіндірілді. Атап айтқанда, педагогтердің кәсіби…