«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ–2026»: АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ 3-ОРЫН ИЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Аталған конкурс педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, шығармашылық ізденісін қолдауға, озық педагогикалық тәжірибелер мен заманауи білім беру идеяларын насихаттауға бағытталған. Биылғы байқау барысында Алматы қаласының білім беру ұйымдарынан 21 педагог жеті бағыт бойынша өздерінің үздік тәжірибелері мен авторлық идеяларын ұсынды.
Марапаттау рәсіміне «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының кафедра меңгерушілері қатысты. Жеңімпаздарға марапаттарды Жаратылыстану-математикалық бағыттағы кафедра меңгерушісі Мухамбетжанова Сауле Талапеденовна және Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедра меңгерушісі Арзымбетова Салтанат Жаксылыковна табыстады.
Конкурстың өңірлік кезеңінде педагогтер экологиялық, оқу, цифрлық, қаржылық, мәдениетаралық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бағыттары бойынша бақ сынады.
Экологиялық сауаттылық бағыты бойынша:
- Елубаева Маржан Барлыхановна — №186 жалпы білім беретін мектеп;
- Ерназарова Жанар Камбаровна — №149 жалпы білім беретін мектеп;
- Азирбаева Қырмызы Ильясқызы — №53 мектеп-гимназия.
Оқу сауаттылығы бағыты бойынша:
- Сапенбаева Нурия Ибрашовна — №59 мектеп-гимназия;
- Смаилова Сабира Әбдумүтәліқызы — №177 мектеп-гимназия;
- Койшыгулова Айзада Елтаевна — С. Сейфуллин атындағы №74 мектеп.
Цифрлық сауаттылық бағыты бойынша:
- Сартаева Роза Талгатовна — «№149 Ясли-сад» КМҚК;
- Сеитова Асель Ержумаевна — №48 жалпы білім беретін орта мектеп;
- Баянбекқызы Әсел — М. Мақатаев атындағы №140 гимназия.
Қаржылық сауаттылық бағыты бойынша:
- Әтіш Гүлназ Лесбекқызы — №98 жалпы білім беретін мектеп;
- Кожакеева Жанна Умирхановна — №180 мектеп-гимназия;
- Николаева Наталья Александровна — №111 гимназия.
Мәдениетаралық сауаттылық бағыты бойынша:
- Мұқан Меруерт Саятқызы — №172 гимназия;
- Буданов Нурбол Уалиевич — Алматы техникалық-экономикалық жол қатынастары колледжі;
- Ильясова Гульнара Садирдиновна — Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының мектебі.
Математикалық сауаттылық бағыты бойынша:
- Баймахан Нұрсәуле Мұратбекқызы — №73 мектеп-гимназия;
- Акперов Нұрлан Қадырханович — №165 мамандандырылған лицей;
- Билисбаева Светлана Ивановна — JOS қаржы лицейі.
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бағыты бойынша:
- Тахатбек Тілеулес Қанатұлы — №219 жалпы білім беретін мектеп;
- Ходин Егор Александрович — №50 жалпы білім беретін мектеп;
- Алайдарова Гаухар Руслановна — №182 мектеп-гимназия.
Байқау нәтижелері педагогтердің кәсіби біліктілігі мен шығармашылық әлеуетінің жоғары деңгейін көрсетті. Ұстаздардың өз тәжірибесінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тың идеяларды ұсынуы – заманауи білім беру үдерісінің маңызды бөлігі.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты барлық жүлдегерлерді лайықты жетістіктерімен құттықтап, кәсіби қызметтеріне шығармашылық табыс, жаңа бастамаларына сәттілік тілейді.
Педагогтердің ізденісі мен озық тәжірибесі білім сапасын арттыруға және жас ұрпақтың жан-жақты дамуына зор үлес қоса бермек.

Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
8 қазан күні жоспарға сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалы директорының орынбасары К. Байкатованың жетекшілігімен институт базасында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан тыңдаушыларға педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті. Кездесуге тарих, информатика, география және бастауыш сынып мұғалімдері, орта білім беру ұйымдарының педагогтері, әдіскерлер мен басшы орынбасарлары қатысты. Барлығы 100-ден астам…

«ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫ: ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЖАУАПТЫ МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ
Педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Атырау қаласы мен облыс аудандарындағы мектептер мен балабақшалардың жаңадан тағайындалған жауапты мамандарына арналған онлайн-семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында пилоттық жоба бойынша педагогтерді аттестаттаудың негізгі талаптары мен кезеңдері, «Ұстаз» платформасында жұмыс істеу тәртібі, портфолионы қалыптастыру және қажетті мәліметтерді енгізу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмысын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық…

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру және консультациялық-әдістемелік қолдау жұмыстары жалғасуда. Институтта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған түсіндірме кездесу өтті. Кездесу барысында ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы №159-НҚ бұйрығымен бекітілген талаптар және пилоттық жоба аясындағы аттестаттаудың жаңа тәртібі түсіндірілді. Атап айтқанда, педагогтердің кәсіби…