Өрлеу

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ – 2026» БАЙҚАУЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ – 2026» БАЙҚАУЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Ұстаздар күніне орай Атырауда «Заманауи ұстаз – жаңа буын, жаңа мүмкіндіктер» атты мерекелік іс-шара өтіп, оның аясында «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» республикалық байқауының өңірлік кезеңі салтанатты түрде қорытындыланды.

Педагогтердің кәсіби мерекесіне арналған шарада білім беру саласындағы үздік идеялар мен озық тәжірибелердің авторлары марапатталып, республикалық кезеңге жолдама алған жеңімпаздар анықталды.

«Педагогикалық идеялар панорамасы» – педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, шығармашылық ізденістерін қолдауға, жаңашыл идеялары мен тиімді педагогикалық тәжірибелерін кеңінен таратуға бағытталған маңызды кәсіби алаң.

Биыл байқаудың Атырау облысы бойынша өңірлік кезеңіне 490 жұмыс ұсынылды. Сараптау қорытындысы бойынша олардың арасынан 38 жұмыс жүлделі орындарға ие болды. І дәрежелі диплом иегерлері байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.

Салтанатты марапаттау рәсімінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Балауса Хоныспаевна Жалмуханова І дәрежелі диплом иегерлерін марапаттады.

Сондай-ақ «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аққали Қабижанұлы жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар табыстап, педагогтердің кәсіби ізденісі мен шығармашылық бастамаларына қолдау білдірді.

Ұстаздар күнінде үздік педагогикалық идеялардың авторларын ұлықтаған «Заманауи ұстаз – жаңа буын, жаңа мүмкіндіктер» мерекелік шарасы кәсіби шеберлік пен жаңашылдықты, шығармашылық ізденіс пен озық тәжірибені дәріптеген тағылымды басқосуға айналды.

Өңірлік кезеңнің барлық жеңімпаздарын құттықтаймыз! Республикалық кезеңге жолдама алған педагогтерге сәттілік тілейміз. Жаңа идеяларыңыз бен озық тәжірибелеріңіз білім беру сапасын арттыруға қызмет етіп, кәсіби жетістіктеріңіз еселене берсін!

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ – 2026» БАЙҚАУЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ — Өрлеу