Өрлеу

«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» байқауының қорытындысын жариялаймыз!

«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» байқауының қорытындысын жариялаймыз!

Байқауды ұйымдастырушы – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы. Байқау ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №514 бұйрығымен ббекітілген іс-шаралар тізбесіне енгізілген, бұл оның педагогтердің кәсіби жетістіктерін мойындаудағы маңыздылығын айқындайды.
Бүгін I, II және III орын иеленген жеңімпаздардың есімдерін жариялаймыз. Әріптестерімізді лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Олардың жоғары кәсіби шеберлігі мен педагогикалық идеяларын сәтті таныстыра білуі жоғары бағалауға лайық.
I орын иегерлері байқаудың республикалық кезеңінде облысымыздың намысын қорғайды. Оларға сәттілік, шабыт және жаңа кәсіби жеңістер тілейміз!
Жеңімпаздардың дипломдары мен қатысушылардың сертификаттары байқаудың ppi.orleu.edu.kz сайтында қолжетімді.
Барша педагогтерге байқауға белсенді қатысқаны, бастамашылдығы, шығармашылық ізденісі және тиімді тәжірибелерімен бөлісуге деген ұмтылысы үшін алғыс білдіреміз! Бұл байқау кәсіби өсу мен жаңа жетістіктерге бастайтын тағы бір маңызды қадам болсын!

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» байқауының қорытындысын жариялаймыз! — Өрлеу