«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» республикалық байқауы жарияланды

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 2018 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер байқауының кезекті кезеңі басталды. Конкурсқа еліміздің барлық өңіріндегі мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады.
Байқау аймақтық және республикалық кезеңнен тұрады. Өңірлік кезеңде қатысушылар педагогикалық идеяның мазмұны мен өзектілігін жазбаша түрде негіздеп ұсынады. Әр педагог бір ғана бағыт бойынша бір жұмыс тапсыра алады. Жобалар қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде қабылданады. Ұсынылатын материал бұрын жарияланбаған, өзге байқауларға ұсынылмаған әрі авторлық құқық талаптарын сақтай отырып әзірленген жеке әдістемелік идеяға негізделуі тиіс. Бейнематериал республикалық кезеңге өткен жұмыстар үшін ғана талап етіледі.
Байқау бағыттары:
1. Оқу сауаттылығы
2. Математикалық сауаттылық
3. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық
4. Цифрлық сауаттылық
5. Экологиялық сауаттылық
6. Мәдениетаралық сауаттылық
7. Қаржылық сауаттылық
8. Жаһандық құзыреттер
Конкурстың өңірлік кезеңіне қатысуға өтінімдер https://ppi.orleu.edu.kz сайтында 2 наурыз-30 маусым аралығында қабылданады.
Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
8 қазан күні жоспарға сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалы директорының орынбасары К. Байкатованың жетекшілігімен институт базасында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан тыңдаушыларға педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті. Кездесуге тарих, информатика, география және бастауыш сынып мұғалімдері, орта білім беру ұйымдарының педагогтері, әдіскерлер мен басшы орынбасарлары қатысты. Барлығы 100-ден астам…

«ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫ: ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЖАУАПТЫ МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ
Педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Атырау қаласы мен облыс аудандарындағы мектептер мен балабақшалардың жаңадан тағайындалған жауапты мамандарына арналған онлайн-семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында пилоттық жоба бойынша педагогтерді аттестаттаудың негізгі талаптары мен кезеңдері, «Ұстаз» платформасында жұмыс істеу тәртібі, портфолионы қалыптастыру және қажетті мәліметтерді енгізу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмысын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық…

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру және консультациялық-әдістемелік қолдау жұмыстары жалғасуда. Институтта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған түсіндірме кездесу өтті. Кездесу барысында ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы №159-НҚ бұйрығымен бекітілген талаптар және пилоттық жоба аясындағы аттестаттаудың жаңа тәртібі түсіндірілді. Атап айтқанда, педагогтердің кәсіби…