«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ – 2026»: САРАПШЫЛАР ЕҢБЕГІНЕ ҚҰРМЕТ

«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» республикалық конкурсының өңірлік кезеңін сапалы өткізуге сарапшылар қауымдастығы елеулі үлес қосты.
Биыл Атырау облысы бойынша конкурсқа ұсынылған 490 жұмысты сарапшылар 7 бағыт бойынша зерделеп, белгіленген талаптар мен бағалау өлшемшарттарына сәйкес бағалады. Әр жұмысты жан-жақты қарастыру, үздік педагогикалық идеялар мен тәжірибелерді анықтау – үлкен жауапкершілікті, кәсібилік пен уақытты талап ететін жұмыс.
Өңірлік кезеңнің қорытындысына арналған «Заманауи ұстаз – жаңа буын, жаңа мүмкіндіктер» мерекелік іс-шарасында сарапшылардың атқарған еңбегіне ерекше ризашылық білдірілді.
Сондай-ақ конкурстың өңірлік кезеңін және мерекелік іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруға қолдау көрсетіп, белсенді атсалысқан әріптестердің еңбегі де назардан тыс қалмады. Оларға ортақ іске қосқан үлесі мен жауапкершілігі үшін алғыс білдірілді.
Педагогтердің үздік тәжірибесін анықтауға, кәсіби идеяларын қолдауға және конкурстың табысты өтуіне үлес қосқан барша сарапшылар мен ұйымдастыру жұмысына атсалысқан әріптестерге алғыс айтамыз!
Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
8 қазан күні жоспарға сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалы директорының орынбасары К. Байкатованың жетекшілігімен институт базасында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан тыңдаушыларға педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті. Кездесуге тарих, информатика, география және бастауыш сынып мұғалімдері, орта білім беру ұйымдарының педагогтері, әдіскерлер мен басшы орынбасарлары қатысты. Барлығы 100-ден астам…

«ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫ: ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЖАУАПТЫ МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ
Педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Атырау қаласы мен облыс аудандарындағы мектептер мен балабақшалардың жаңадан тағайындалған жауапты мамандарына арналған онлайн-семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында пилоттық жоба бойынша педагогтерді аттестаттаудың негізгі талаптары мен кезеңдері, «Ұстаз» платформасында жұмыс істеу тәртібі, портфолионы қалыптастыру және қажетті мәліметтерді енгізу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмысын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық…

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру және консультациялық-әдістемелік қолдау жұмыстары жалғасуда. Институтта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған түсіндірме кездесу өтті. Кездесу барысында ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы №159-НҚ бұйрығымен бекітілген талаптар және пилоттық жоба аясындағы аттестаттаудың жаңа тәртібі түсіндірілді. Атап айтқанда, педагогтердің кәсіби…