Өрлеу

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» байқауының өңірлік кезеңінің жүлдегерлері марапатталды. Салтанатты жиында сөз алған филиал директоры Нұржан Нұрлыбаев өз сөзінде:

– ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен биыл сегізінші рет өткізілген республикалық байқаудың өңірлік кезеңі аяқталды. Биылғы панорама «Идеядан – нәтижеге, тәжірибеден – жаңашылдыққа» ұранымен өтті. Заманауи білім беру тәжірибелерін таратуда «Өрлеу» институтының рөлі ерекше екенін айтқым келеді. Әлемді өзгертетін ұлы жаңалықтардың барлығы бір ғана ойдан басталады. Ал білім сапасы ең алдымен ізденетін ұстаздан басталады, – деп атап өтті.

«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттауға Түркістан облысының білім басқармасының «Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының педагог-шебер ұстазы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Далмырзаев Сакен Абдиманатұлы қатысты.

Байқаудың өңірлік кезеңіне Түркістан облысында 7 бағыт бойынша 610 педагогтен өтінім келіп түскен. Оның ішінде шығармашылық жұмыстары жоғары бағаланған 42 қатысушы өңірлік кезеңнің жүлдегері атанды. Педагогтердің біліктілікті арттыру курстарында меңгерген дағдылары мен тәжірибелері олардың идеяларын жетілдіріп, байқауға қатысуына негіз болды.
Жүлдегерлерге І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар табыс етілді. Педагогикалық идеялары үздік деп танылған І дәрежелі диплом иегерлері республикалық кезеңге жолдама алды.

7 бағыт бойынша І орын алған 7 педагог – республикаға жолдама алған жүлдегерлер:

  1. Оқу сауаттылығы

Бухарбаев Ильяс Юрьевич

Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов атындағы ЖББМ

  1. Экологиялық сауаттылық

Адилбаева Каракоз Асхатовна

Түркістан қ., №33 ЖББМ

  1. Цифрлық сауаттылық

Тоигараева Гулмира Полатовна

Түркістан қ., №32 ЖББМ

  1. Қаржылық сауаттылық

Сарсебаева Нұрила Жанғалиқызы

Төлеби ауданы, №10 ЖББМ

  1. Мәдениетаралық сауаттылық

Бурханова Рыскуль Жумахановна

Түркістан қ., Т.Бигелдинов атындағы №16 ЖББМ

  1. Математикалық сауаттылық

Есиркепова Акжаркын Киргизбаевна

Қазығұрт ауданы, Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицей

  1. Жаратылыстану сауаттылығы

Оралбеков Галымжан Жарасович

Қазығұрт ауданы, Жамбыл Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математика мектеп-интернаты

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ — Өрлеу