ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

21-22 қырк
үйек күндері «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалы директорының орынбасары К. Байкатованың қатысуымен Бәйтерек және Ақжайық, Бөкейорда және Бөрлі аудандарының орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Zoom платформасында ұйымдастырылған онлайн кездесуге 250-ден астам педагог қатысып, педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы туралы маңызды ақпаратпен танысты.
Кездесу барысында педагогтерді аттестаттау рәсімін оңтайландыру және жетілдіру, педагогтерді курстан кейінгі қолдау тетіктері, сондай-ақ педагогтің үздіксіз кәсіби дамуына арналған ұлттық «Ұстаз» платформасының мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар пилоттық жобаны өткізу компоненттері мен шарттары, педагогтің кәсіби цифрлық бейінін қалыптастыру және оны бағалау критерийлері бойынша түсіндірме берілді. Кездесу педагогтерге пилоттық жоба талаптарын жан-жақты түсініп, аттестаттау рәсіміне байланысты өзекті сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ағымдағы жылдың 5 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында «Бастауыш сынып білім алушыларының оқу мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында вебинар өтті. Іс-шараға бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, жас ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, тұрақты оқу дағдыларын қалыптастыру және оқу мәдениетін дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Вебинарды кафедраның аға оқытушысы Д.Ш. Жумагалиева жүргізіп, қатысушыларды кездесудің тақырыбы, мақсаты мен күтілетін нәтижелерімен таныстырды.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ МӘДЕНИЕТІ МЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ағымдағы жылдың 5 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында «Мемлекеттік стандарт талаптарын жүзеге асыру: бастауыш сынып оқушыларының оқу мәдениеті мен функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында вебинар өтті. Іс-шараға бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарын оқу үдерісінде жүзеге асырудың өзекті мәселелерін талқылады. Вебинарды кафедраның аға оқытушысы Д.Ш. Жумагалиева жүргізді.

БІЛІМ МЕН ИННОВАЦИЯ: ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Қазіргі білім беру жүйесі цифрлық технологиялардың қарқынды дамуымен қатар жаңа талаптар мен мүмкіндіктерге ие болуда. Әсіресе жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне тиімді енгізу, оқытудың заманауи әдістемелерін жетілдіру және білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін дамыту – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.