Өрлеу

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

8 қазан күні жоспарға сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалы директорының орынбасары К. Байкатованың жетекшілігімен институт базасында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан тыңдаушыларға педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті.

Кездесуге тарих, информатика, география және бастауыш сынып мұғалімдері, орта білім беру ұйымдарының педагогтері, әдіскерлер мен басшы орынбасарлары қатысты. Барлығы 100-ден астам педагог пилоттық жобаның мақсаты, негізгі бағыттары және іске асырылу тәртібі туралы ақпарат алды.Кездесу барысында педагогтерді аттестаттау рәсімін оңтайландыру және жетілдіру бағыттары, курстан кейінгі қолдау тетіктері, сондай-ақ үздіксіз кәсіби дамуға арналған ұлттық «Ұстаз» платформасының мүмкіндіктері таныстырылды. Пилоттық жобаның негізгі компоненттері мен өткізу шарттары, педагогтің кәсіби цифрлық бейінін қалыптастыру және оны бағалау критерийлері бойынша түсіндірме берілді.

Тыңдаушылар аттестаттауға қатысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды. Кездесу педагогтерге пилоттық жоба талаптарын жан-жақты түсінуге, кәсіби жетістіктерін жүйелеуге және аттестаттауға дайындық бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ — Өрлеу