Өрлеу

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру және консультациялық-әдістемелік қолдау жұмыстары жалғасуда.

Институтта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған түсіндірме кездесу өтті.

Кездесу барысында ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы №159-НҚ бұйрығымен бекітілген талаптар және пилоттық жоба аясындағы аттестаттаудың жаңа тәртібі түсіндірілді.

Атап айтқанда, педагогтердің кәсіби қызмет нәтижелерін бағалау, қажетті мәліметтерді енгізу, құжаттарды рәсімдеу және пилоттық жобаға қатысу барысында ескерілетін маңызды талаптар бойынша ақпарат берілді.

Педагогтер тарапынан қойылған өзекті сұрақтар талқыланып, әр мәселеге қолданыстағы талаптар мен пилоттық жобаның ерекшеліктері ескеріле отырып, нақты түсіндірмелер берілді.

Түсіндіру жұмыстарын институттың аттестаттауға жауапты маманы А. Жангабулова жүргізді.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар мен практикалық түсіндірмелер алды.

Педагогтерге қажетті ақпаратты түсінікті әрі нақты жеткізу, сондай-ақ олардың сұрақтарына әдістемелік қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар