ПЕДАГОГТЕРДІ КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін филиалда педагогтерді курстан кейінгі қолдау жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған іс-қимыл жоспары әзірленді.
Білім сапасын арттыруда курстан кейінгі қолдаудың маңызы зор. Осыған орай, педагогтердің курста алған дағдыларын тәжірибеде тиімді қолдануына әдістемелік қолдау көрсету, кәсіби қажеттіліктерін анықтау және үздіксіз дамуына жағдай жасау бағыттары айқындалды.
Облыстық білім басқармасымен бірлесіп атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары нақтыланып, курстан кейінгі қолдауды ұйымдастыруға қатысты нормативтік-құқықтық құжаттар басшылыққа алынды. Сондай-ақ алдағы кезеңдегі міндеттер мен оларды іске асыру тетіктері пысықталды.
Біздің мақсатымыз – педагогке кәсіби дамудың әр кезеңінде сапалы әрі қолжетімді қолдау көрсету. Педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған шаралар ұжымның үйлесімді әрекеті мен білім беру ұйымдарымен ынтымақтастығы арқылы жалғасады деп сенеміз.
Басқа жаңалықтар

«Жаһандық өзгерістер жағдайындағы педагогикалық тәжірибенің трансформациясы» халықаралық конференциясы
2026 жылғы 25 қарашада «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Zoom платформасында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті. Шараға 5 елден — Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан және Ресейден (соның ішінде Алтай Республикасы мен Саха (Якутия) Республикасы) 70-тен астам педагог, зерттеуші мен спикер қатысты.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
26 қараша күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының ұйымдастыруымен «Зерттеу нәтижелерінен тәжірибеге: бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар құрастыру» тақырыбында онлайн-практикум өтті. Кәсіби іс-шараға Орал қаласы мен облыс аудандарынан 50 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Практикумға кафедраның аға оқытушысы Ж.Т. Узахова жетекшілік етті.
