ПИЛОТТЫҚ ЖОБА: АТТЕСТАТТАУ – ПЕДАГОГТІҢ ҮЗДІКСІЗ КӘСІБИ ДАМУ ҚҰРАЛЫ

2026 жылғы 25 қыркүйекте «Өрлеу» БАҰО» АҚ
Қарағанды облысы бойынша филиалында орта білім беру ұйымдарының басшылары мен
педагогтеріне арналған педагогтерді аттестаттаудан өткізудің пилоттық жобасын
түсіндіру бойынша кездесу өтті.
Филиал директоры М.А. Жетписбаева жобаның
негізгі ережелерімен таныстырып, «педагог-зерттеуші» және «педагог-шебер»
санаттарына қойылатын талаптар, онлайн сабақтарды ұсыну, авторлық қызмет,
кәсіби топтар мен жобаларға қатысу, әріптестерге кәсіби қолдау көрсету және
«Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарын іске асыру мәселелеріне тоқталды.
Кездесу барысында педагогтер «Ұстаз»
платформасындағы жұмыс тәртібі, кәсіби жетістіктерді растау және аттестаттау
талаптарын тәжірибеде қолдану жөнінде сұрақтар қойды. Атап айтқанда, кәсіби
іс-шараларға қатысу, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, бақылау парағын
толтыру және кәсіби сүйемелдеуді дәлелдеу мәселелері талқыланды.
Кездесу педагогтердің өзекті сұрақтарына
назар аударып, пилоттық жобаның талаптарын түсіндіруге және аттестаттау
үдерісіне дайындықты жетілдіруге бағытталды.
Басқа жаңалықтар

ТӘЖІРИБЕГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ОҚЫТУ: ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫНДАҒЫ ТРЕНЕРДІҢ РӨЛІ
3 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалында кәсіби даму апталығы аясында аға оқытушыларға арналған төрт күндік оқыту басталды. Алғашқы күн «Мұғалімдердің кәсіби даярлығындағы тренердің рөлі: тәжірибеге негізделген оқыту» тақырыбына арналды.

ТИІМДІ САБАҚ ТАЛДАУЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБИ ДАМУ
2026 жылғы 16 қыркүйекте «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтында курстан кейінгі қолдау жоспарына сәйкес, Жуалы ауданының педагогтеріне арналған «Сабақты көру – түсіну – жақсарту: тиімді талдау алгоритмдері» тақырыбында тренерлік сағат өткізілді.

«Адал азамат » біртұтас тәрбие құндылықтары басқарушылық қызметте» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын бастады.
«Адал азамат” біртұтас тәрбие құндылықтары басқарушылық қызметте» біліктілікті арттыру курсы басталды. Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде білім беру ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарларына арналған «Адал азамат” біртұтас тәрбие құндылықтары басқарушылық қызметте» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын бастады.