PISA PANORAMA: НӘТИЖЕЛЕРДІ ТАЛДАУДАН БОЛАШАҚТЫ ЖОСПАРЛАУҒА ДЕЙІН

Білім беру жүйесінің даму бағытын айқындауда халықаралық
зерттеулердің нәтижелерін талдау ғана емес, оларды нақты өзгерістерге негіз
болатын шешімдерге айналдыру маңызды. Осы мәселелер Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе
өңірлік университетінде ұйымдастырылған «PISA PANORAMA: нәтижелер, үрдістер,
болашақ» стратегиялық сессиясының өзегіне айналды.
Сессия жұмысына Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалының директоры Әліби Латып,
аға оқытушылар Сәуле Сүлейменова мен Ләззат Ермекбаева қатысып, білім беру
сапасын арттыруға бағытталған кәсіби талқылауға атсалысты.
Білім беру саласының стейкхолдерлері бас қосқан алаңда PISA-2025 халықаралық
зерттеуінің Қазақстан бойынша нәтижелері, білім беру жүйесіндегі өзекті
үрдістер мен алдағы міндеттер сараланды. Әсіресе, зерттеу нәтижелерін оқыту
тәжірибесімен байланыстыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және
білім берудің жаңа талаптарына бейімделу мәселелеріне назар аударылды.
Талқылаудың маңызды бағыттарының бірі – мектеп трансформациясы және тиімді
оқытуды жобалау. Бұл ретте мектепті дамыту тек оқу мазмұнын жаңартумен
шектелмей, оқыту тәсілдерін қайта қарауды, педагогтердің кәсіби әлеуетін
арттыруды және білім алушының оқу нәтижесіне бағдарланған ортаны қалыптастыруды
талап ететіні атап өтілді.
Осындай мазмұнды кәсіби кездесулерге ұйытқы болып, білім беру саласындағы
өзекті мәселелерді бірлесе талқылауға мүмкіндік жасағаны үшін Қ. Жұбанов
атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне шынайы алғысымызды білдіреміз!
Ынтымақтастығымыз білім сапасын арттыру жолындағы жаңа бастамаларға негіз
болсын!
Басқа жаңалықтар

САУАТТЫ ШЕШІМ – КЕЗДЕЙСОҚ СӘТТІЛІКТЕН ӘЛДЕҚАЙДА СЕНІМДІ БОЛАШАҚҚА БАСТАЙТЫН ЖОЛ!
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалында педагогтерге арналған «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталды.

Цифрлық тарих: оқытудың жаңа форматы
Қазіргі білім беру кеңістігінде мұғалімнің рөлі тек білім берумен шектелмейді. Бүгінде педагог – цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеуші, инновациялық технологияларды оқу үдерісіне енгізуші және оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырушы тұлға.

«ПАРАСАТ МАЙДАНЫ»: ОЙ ТЕРЕҢДІГІ МЕН ЗЕРДЕ ҰШҚЫРЛЫҒЫ ТОҒЫСҚАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ АЛАҢ
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясының үшінші ұжымдық кітап оқу сессиясы өтті.