Өрлеу

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕ ТОҒЫСҚАН АЛАҢ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕ ТОҒЫСҚАН АЛАҢ

Ақтөбе қаласындағы №31 орта мектепте Облыстық әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен өткен «Үздік география пәні мұғалімі – 2026» облыстық байқауында Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалының аға оқытушысы Ляззат Ермекбаева қазылар алқасының құрамында төрелік етуде.

Байқау барысында қатысушылардың кәсіби шеберлігі, педагогикалық тәжірибесі, заманауи оқыту әдістерін тиімді қолдануы және география пәнін оқытудағы шығармашылық ізденістері саралануда.

Осындай маңызды кәсіби байқауды ұйымдастыруға және педагогтердің біліктілігін арттыруға бағытталған бастамаларға қолдау білдіріп, бірлескен ынтымақтастық үшін №31 орта мектеп ұжымына алғысымызды білдіреміз!

Барша қатысушыларға сәттілік, кәсіби шығармашылық және жоғары жетістіктер тілейміз!

Бөлісу

Басқа жаңалықтар