Портфолиодан санаттарға дейін: аттестаттау бойынша оқыту семинары

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Ақмола облысы бойынша филиалының жаңа аттестаттау ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарына жауапты маманы Гүлдарай Қырқаева Көкшетау қалалық білім бөлімінің сұранысы бойынша білім бөлімінің мамандарына, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілеріне, директорлардың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасарларына арналған оқыту семинарын өткізді.
Семинардың негізгі тақырыптары:
Педагогтің кәсіби портфолиосын онлайн жүйеде қалыптастыру.
Санаттарды беру және растау талаптарын түсіндіру (педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер).
Қағаз есеп жинауға емес, оқушылардың нақты жетістіктері мен оқыту сапасына баса назар аудару.
Семинар қатысушыларға өзекті сұрақтарға жауап алуға және өңірдің оқу орындарында аттестаттаудың жаңа стандарттарын енгізу бойынша жұмысты үйлестіруге мүмкіндік берді.

Басқа жаңалықтар

«Жаһандық өзгерістер жағдайындағы педагогикалық тәжірибенің трансформациясы» халықаралық конференциясы
2026 жылғы 25 қарашада «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Zoom платформасында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті. Шараға 5 елден — Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан және Ресейден (соның ішінде Алтай Республикасы мен Саха (Якутия) Республикасы) 70-тен астам педагог, зерттеуші мен спикер қатысты.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
26 қараша күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының ұйымдастыруымен «Зерттеу нәтижелерінен тәжірибеге: бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар құрастыру» тақырыбында онлайн-практикум өтті. Кәсіби іс-шараға Орал қаласы мен облыс аудандарынан 50 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Практикумға кафедраның аға оқытушысы Ж.Т. Узахова жетекшілік етті.
