Өрлеу

КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ: ТӘЖІРИБЕДЕН – НӘТИЖЕГЕ

КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ: ТӘЖІРИБЕДЕН – НӘТИЖЕГЕ

Педагогтің курста меңгерген білімі мен дағдыларын күнделікті сабақ тәжірибесіне енгізу, туындаған мәселелерді бірлесе шешу және әдістемелік қолдау көрсету – үздіксіз кәсіби дамудың маңызды шарты болып табылады.

Осы бағыттағы жұмыстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығымен бекітілген педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагогтердің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

Филиалда «Үштік спираль» моделі аясында курстан өткен пән мұғалімдеріне арналған «Біліктілікті арттырудан тәжірибеге: ЖИ құралдары арқылы цифрлық ортаны қалыптастыру» тақырыбында вебинар өткізілді.

Кездесу барысында «Үштік спираль» моделінің курстан кейінгі қолдаудағы рөліне назар аударылып, білім берудегі цифрлық трансформация жағдайында жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану бағыттары, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту мәселелері қозғалды. Атап айтқанда, сабақты тиімді жоспарлау, оқу материалдарын әзірлеу, сараланған тапсырмалар құрастыру, бағалау құралдарын дайындау және цифрлық контент қалыптастыру мүмкіндіктері талқыланды.

Вебинардың мазмұндық өзегін педагогтердің тәжірибе алмасуы құрады. Қатысушылар жасанды интеллект құралдарын сабақта қолдану, цифрлық оқу ресурстарын әзірлеу, білім алушылардың жеке қажеттіліктеріне сай тапсырмаларды бейімдеу және оқу үдерісін дербестендіру бағытындағы тәжірибелерін бөлісті.

Институтта педагогтердің кәсіби дамуын курстан кейін жүйелі әдістемелік қолдауға бағытталған жұмыстар жыл бойы жалғасатын болады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар