КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ: ТИІМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Астана қаласы бойынша филиалында курс тыңдаушыларына арналған курстан кейінгі қолдау вебинары өткізілді.
Вебинардың негізгі мақсаты педагогтердің кәсіби дамуын үздіксіз қолдау, курста меңгерген білімдері мен дағдыларын тәжірибеде тиімді қолдануына бағыт-бағдар беру және әдістемелік сүйемелдеу жұмыстарын жетілдіру.
Кездесу барысында педагогтерге өзекті әдістемелік мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кәсіби тәжірибені жетілдіруге бағытталған ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, тыңдаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Курстан кейінгі қолдау педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, білім беру тәжірибесіне инновациялық тәсілдерді енгізуге және курстық оқытудың нәтижелілігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды жұмыс.
Басқа жаңалықтар

Білім берудегі инновациялар: «Өрлеу» Ақмола филиалында конференция өтті
Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтында «Жаңашыл мектеп: білім сапасы, инновациялар және педагогикалық тәжірибелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті.

БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ БІРТҰТАС ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ІСКЕ АСЫРУ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалында «Білім беру процесінде біртұтас тәрбие құндылықтарын іске асыру» тақырыбында педагогтердің біліктілігін арттыру курсы жалғасуда.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҮНДЕСТІГІ: КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Бүгінде жасанды интеллект – білім алушының шығармашылық әлеуетін ашуға, тың идеяларын жүзеге асыруға және оқу үдерісін жаңа мазмұнмен толықтыруға мүмкіндік беретін заманауи құрал. Әсіресе, шығармашылық пен практикалық әрекетке негізделген көркем еңбек пәнінде оның мүмкіндігі мол.