КУРСТАН КЕЙІНГІ СҮЙЕМЕЛДЕУ: АЛЫНҒАН БІЛІМНЕН ПРАКТИКАЛЫҚ НӘТИЖЕГЕ ДЕЙІН

Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру мақсатында филиалдың кафедра меңгерушісі Болат Бухарбаев М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының және Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында барып, педагогтердің кәсіби қызметіндегі өзгерістер мен курс нәтижелерінің тәжірибеде қолданылу барысымен танысты.
Кездесу барысында педагогтердің оқу үдерісінде курста меңгерген әдіс-тәсілдерді қолдануы, кәсіби ізденісі және тәжірибеде кездесетін сұрақтары талқыланды. Ұйым басшыларымен бірге педагогтердің кәсіби дамуын қолдау және алған білімін одан әрі жетілдіру жолдары қарастырылды.
Курстан кейінгі сүйемелдеу — курс аяқталғаннан кейінгі бір реттік кездесу емес, педагогтің алған білімін тәжірибеде сынап, нәтижесін саралап, кәсіби ізденісін жалғастыруына бағытталған жүйелі қолдау.
Бұл жұмыс педагог пен әдістемелік қолдау көрсетуші маман арасындағы кәсіби байланысты сақтап, курстан кейінгі нәтижені нақты тәжірибемен байланыстыруға мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар

ТӘЖІРИБЕГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ОҚЫТУ: ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫНДАҒЫ ТРЕНЕРДІҢ РӨЛІ
3 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалында кәсіби даму апталығы аясында аға оқытушыларға арналған төрт күндік оқыту басталды. Алғашқы күн «Мұғалімдердің кәсіби даярлығындағы тренердің рөлі: тәжірибеге негізделген оқыту» тақырыбына арналды.

ТИІМДІ САБАҚ ТАЛДАУЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБИ ДАМУ
2026 жылғы 16 қыркүйекте «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтында курстан кейінгі қолдау жоспарына сәйкес, Жуалы ауданының педагогтеріне арналған «Сабақты көру – түсіну – жақсарту: тиімді талдау алгоритмдері» тақырыбында тренерлік сағат өткізілді.

«Адал азамат » біртұтас тәрбие құндылықтары басқарушылық қызметте» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын бастады.
«Адал азамат” біртұтас тәрбие құндылықтары басқарушылық қызметте» біліктілікті арттыру курсы басталды. Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде білім беру ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарларына арналған «Адал азамат” біртұтас тәрбие құндылықтары басқарушылық қызметте» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын бастады.