ПИП–2026 | ҮЗДІК ИДЕЯЛАР. ҮЗДІК ПЕДАГОГТЕР. ЖАҢА БЕЛЕСТЕР

«Педагогикалық
идеялар панорамасы – 2026» байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті!
Жетісу облысының педагогтері биылғы байқауға белсенділік танытып, 8 бағыт
бойынша 518 жұмыс жолдады. Бұл – өңір ұстаздарының кәсіби ізденісі мен жаңашыл
идеяларға деген қызығушылығының айқын көрінісі.
2026 жылғы байқау 8 бағытты қамтыды:
▫️ оқу
сауаттылығы;
▫️ математикалық
сауаттылық;
▫️
жаратылыстану-ғылыми сауаттылық;
▫️ цифрлық
сауаттылық;
▫️ экологиялық
сауаттылық;
▫️ мәдениетаралық
сауаттылық;
▫️ қаржылық
сауаттылық;
▫️ жаһандық
құзыреттер.
Жоғары бәсекелестікке қарамастан, сарапшылар алқасы ұсынылған жұмыстардың
мазмұны мен өзектілігін, жаңашылдығы мен практикалық маңызын саралай отырып, 40
үздік жұмысты анықтады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне байқау жұмыстарын
бағалаған сараптама комиссиясының мүшелері де қатысып, үздік педагогтерге ізгі
тілектерін білдірді.
Бұл байқау – педагогтердің озық тәжірибесін насихаттап, шығармашылық әлеуетін арттыруға және тиімді педагогикалық идеяларды білім беру тәжірибесіне енгізуге мүмкіндік беретін маңызды кәсіби алаң.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!
Әр идеяңыз – білім сапасына қосылған құнды үлес, әр жетістігіңіз – жаңа белестердің бастауы болсын!
ПИП–2026 — идеядан
тәжірибеге, тәжірибеден нәтижеге!
Басқа жаңалықтар

САУАТТЫ ШЕШІМ – КЕЗДЕЙСОҚ СӘТТІЛІКТЕН ӘЛДЕҚАЙДА СЕНІМДІ БОЛАШАҚҚА БАСТАЙТЫН ЖОЛ!
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалында педагогтерге арналған «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталды.

Цифрлық тарих: оқытудың жаңа форматы
Қазіргі білім беру кеңістігінде мұғалімнің рөлі тек білім берумен шектелмейді. Бүгінде педагог – цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеуші, инновациялық технологияларды оқу үдерісіне енгізуші және оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырушы тұлға.

Курс тыңдаушыларына сертификат табысталды
Бүгін «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсының кезекті тобы аяқталды. «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институтытының директор орынбасары Мұхтар Ахтаев тыңдаушыларға сертификат табыстап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.