Ұрпақтар сабақтастығы: «Өрлеуде» мерейтой иесі мен байқау жеңімпаздарына құрмет көрсетілді

1 қазанда «Өрлеу»
біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби
даму институтында Галина Васильевна Протасованың 80 жылдығына арналған
мерекелік іс-шара өтті.
«ПРОТАСОВА. ІС.
АДАМДАР. УАҚЫТ» атты кездесуде Галина Васильевнаның кәсіби жолы, педагогтердің
біліктілігін арттыру жүйесіне қосқан үлесі және 1986–2001 жылдары өзі басқарған
Институт тарихы кеңінен айтылды.
Әріптестері
естеліктерімен бөлісіп, архивтік фотосуреттер мен бейнематериалдар ұсынылды.
Мерейтой иесіне жылы лебіздер мен құттықтаулар арналды.
Іс-шара аясында
«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» республикалық байқауының өңірлік
кезеңі жеңімпаздары марапатталды.
Биыл байқауға Шығыс
Қазақстан облысының педагогтері 862 жұмыс ұсынды. Жеңімпаздарға І дәрежелі
дипломдар, «Үздік маман» медальдары, Құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтар
табысталды.
Іс-шара білім беру
саласындағы ұрпақтар сабақтастығын, тәжірибеге құрмет пен кәсіби дамуға
ұмтылысты тағы бір мәрте айқындады
Басқа жаңалықтар

ШЕДОУИНГ: ЖАС ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ БЕЙІМДЕЛУІНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
30 қазан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында «Шедоуинг – жас педагогтің кәсіби бейімделуінің және тәжірибесін жинақтаудың практикалық тетігі» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет әдіскерлері, жалпы білім беретін мектептердің педагог-тәлімгерлері мен жас мұғалімдері қатысты.

Мемлекет басшысының Жолдауына үн қосу: Kókshe эфиріндегі сарапшылар пікірі
Kókshe облыстық телеарнасының «Мемлекет басшысының Жолдауы: білім берудегі жаңа бағыттар» тақырыбындағы жаңалықтар сюжетіне филиалдың Ақмола облысы бойынша директоры Жанна Байгаринова мен курс тыңдаушылары қатысты

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ИДЕЯДАН ЖОБАҒА
Курстың басты нәтижесі – педагогтердің жасанды интеллектіні саналы әрі мақсатты қолдану дағдыларын дамыту, цифрлық құзыреттілігін жетілдіру және білім беру тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізуге бағытталған кәсіби әлеуетін арттыру.