Өрлеу

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабының таныстырылымы

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабының таныстырылымы

Шығыс Қазақстан облысының Ұстаздар үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабының таныстырылымы өтті.

Іс-шараға облыс педагогтері – біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары, сондай-ақ институттың профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері қатысты.

Таныстырылым барысында Мемлекет басшысының елдің дамуы, қоғамның рухани құндылықтары, әділеттілік, жауапкершілік және Қазақстанның болашағына қатысты ойлары мен тұжырымдары жинақталған кітаптың мазмұны таныстырылды.

Қатысушылар кітаппен жақынырақ танысып, оның мазмұнын оқып, өздері үшін маңызды ойлар мен тұжырымдарға назар аударуға мүмкіндік алды.

Мұндай кездесулер педагогтердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, танымдық көкжиегін кеңейтуге және рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. 

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабының таныстырылымы — Өрлеу