КӘСІБИ ОЙ. АШЫҚ ПІКІР. МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ.

«125highschool.taldyqorgan»
ұйымдастыруымен «Озық мектеп» жобасы аясында қолға алынған «Ой алаңы»
педагогикалық подкастының алғашқы шығарылымына “Өрлеу” Жетісу басшысы Балшенова
Алмагул Жакановна қонақ ретінде қатысып, білім беру саласындағы өзекті мәселелер
жөнінде ой бөлісті.
Кездесу барысында бүгінгі білім беру үдерісіндегі маңызды мәселелер, ең алдымен, педагогтің кәсіби дамуы мен кәсіби өсуіне қатысты өзекті бағыттар кеңінен талқыланды.
Сұхбаттың негізгі өзегін педагогтерді аттестаттау мәселесі құрады. Атап айтқанда:
🔹 аттестаттауға енгізіліп жатқан қазіргі өзгерістер;
🔹 педагогтің аттестаттауға дайындық жолдары;
🔹 кәсіби жетістіктер мен нақты педагогикалық
нәтижелердің маңызы;
🔹 пәндік кәсіби даму курстары және курстан кейінгі
қолдау;
🔹 «Педагогикалық идеялар» конкурсының мүмкіндіктері;
🔹 тәрбие жұмысының өзекті бағыттары;
🔹 педагогтің кәсіби ұстанымы мен өмірлік құндылықтары кеңінен сөз болды.
Аттестаттау – тек белгілі бір талаптарды орындау емес. Бұл – педагогтің кәсіби тәжірибесін саралауына, жетістіктерін бағамдауына, кәсіби әлеуетін арттыруына және одан әрі дамуына мүмкіндік беретін маңызды үдеріс.
Бүгінгі таңда педагогтің кәсіби дамуы – білім сапасын арттырудың негізгі алғышарттарының бірі. Осы тұрғыдан алғанда, «Ой алаңы» сияқты ашық пікірталас алаңдарының маңызы зор. Мұндай формат тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді жан-жақты талқылауға және тиімді шешімдерді бірге іздеуге мүмкіндік береді.
«Ой алаңы» – пікір тоғысатын, тәжірибе бөлісетін, кәсіби ойды ортаға салатын жаңа форматтағы педагогикалық алаң.
Білім беру саласындағы маңызды мәселелерді ашық талқылауға мүмкіндік берген «125highschool.taldyqorgan» ұжымына алғыс білдіремін!
Ой бар жерде –
ізденіс бар.
Ізденіс бар жерде
– даму бар.
Даму бар жерде –
сапалы білім бар!
Басқа жаңалықтар

САУАТТЫ ШЕШІМ – КЕЗДЕЙСОҚ СӘТТІЛІКТЕН ӘЛДЕҚАЙДА СЕНІМДІ БОЛАШАҚҚА БАСТАЙТЫН ЖОЛ!
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалында педагогтерге арналған «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталды.

Цифрлық тарих: оқытудың жаңа форматы
Қазіргі білім беру кеңістігінде мұғалімнің рөлі тек білім берумен шектелмейді. Бүгінде педагог – цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеуші, инновациялық технологияларды оқу үдерісіне енгізуші және оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырушы тұлға.

Курс тыңдаушыларына сертификат табысталды
Бүгін «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсының кезекті тобы аяқталды. «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институтытының директор орынбасары Мұхтар Ахтаев тыңдаушыларға сертификат табыстап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.